Arna Urpaq
Arna Urpaq — жай ғана картадағы орын емес. Бұл — әр буынның өмір сүруіне жаңа аумақ қалыптастыратын тұрғын үй кешені. Мұнда аға буынның өмірлік тәжірибесін өнеге тұтып, қадірлейді, олардың даналығы өзен суындай жұмсақ, табиғи жолмен жас ұрпаққа дариды. Arna Urpaq жастарға кең ауқымда армандап, жоспарларын шындыққа айналдыруға мүмкіндік беретін орта қалыптастырады. Даму мүмкіндіктері дәл жаныңызда — Назарбаев университеті, Халықаралық университет және басқа да білім беру орталықтары өсу мен шабыттың қайнар көзіне айналады.
Бұл — отбасы үшін тыныш әрі қауіпсіз айлақ: қол созым жердегі Жасыл белдеу таза ауа сыйласа, жақын маңдағы НЗМ мен үй жанындағы мектеп балалардың болашағына берік негіз қалайды. Arna Urpaq — үйреншікті жайлылық мүмкіндіктердің жаңа деңгейіне ұласатын жаңа өмір аумағы.
Комфорт+
Тұрғын үй санаты
3 м
Төбе биіктігі
Жөндеуден өткен
Пәтерлер
Негізгі
Әрлеу
Үлкен өмір аумағы

Архитектура
Қасбет архитектурасы мен стилі үйдің заманауи, сенімді және мұқият ойластырылған келбетін бейнелейді.
A,B кезектерінде қаңқа ұзақ жылдар бойы сенімділік пен беріктікті қамтамасыз ететін тұтас құймалы темір-бетоннан жасалған, ал қасбет алюминий композитті панельдермен қапталған.
G,H кезектерінде қаңқа уақыт сынынан өткен материал — кірпіштен тұрғызылған. Қасбет алюминий композитті панельдермен және клинкер кірпішпен қапталған.
Абаттандырылған аула
Қайта орала бергіңіз келетін аула. Мұнда эргономика мен эстетикаға баса назар аудара отырып, бәрі жан-жақты мұқият ойластырылған. BI үйреншікті жайлылықты сақтайды: көлік кірмейтін қауіпсіз аулалар мен тәулік бойы жүргізілетін бейнебақылау тыныштық пен қауіпсіздік сезімін береді.
Қазақстан мен Еуропа тәлімбақтарынан әкелінген қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты және гипоаллергенді маусымдық өсімдіктермен көгалдандыру табиғи әрі ұқыпты атмосфера қалыптастырады.
Ойын алаңдары қоршаған ортаға зиянсыз, жоғары сапалы ағаштан жасалған, ал қауіпсіз жіксіз жабын балалардың ойынын жайлы және алаңсыз етеді.
Дәліздің авторлық дизайны
Дәліз үй туралы алғашқы әсерді қалыптастырады, сол себепті мұнда жайлылықты, сұлулықты, ыңғайлылықты және қауіпсіздікті үйлестіретін авторлық дизайн жасалған. Мұқият ойластырылған жұмсақ күту аймақтары, сапалы жарықтандыру, арбаларға арналған жеке тұрақ және экологиялық материалдар алғаш қадам басқаннан жайлы әрі сәнді атмосфера қалыптастырады. G,H кезектеріндегі дәліздердің авторлық дизайны бірыңғай стильде жасалған: еденде табиғи тас — керамогранит, қабырғаларда — бамбук панельдері, ал әрлеуде гипс панельдері қолданылған.
Құрылыс қалай жүріп жатыр

Онлайн-камералар
360°С айналаны шолу
Бұл тұрғын үй кешені бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға № 72 17.12.2025 рұқсат алынды. Құрылыс салушы: «BI Development Astana» ЖШС. Уәкілетті компания: ТОО "Esil Town" ЖШС. Бұл жарнама, ҚР АК 395-бабына сәйкес, жария оферта болып табылмайды.












