Dendropark
Үлкен өмір аумағы

Қаланың жаңа келбеті
Ерекше болу — бұл Dendropark. Кешен архитектурасы қала архитектурасының жаңа деңгейін белгілейді. Түрлі деңгейдегі құрылыс, қасбеттердегі дәстүрлі ою-өрнектер және ұстамды палитра табиғи ортаға тамаша үйлеседі. Ал тұтас құймалы қаңқа мен әйнектері шыңдалған шыныдан жасалған балкондар ұзақ жылдарға сенімділік пен тұрақтылықты кепілдейді.
Баршаға арналған кеңістік
Әр түрлі және қауіпсіз — біз кешеннің ішкі аумағын отбасының әрбір мүшесіне қызықты болатындай етіп жасадық. Балалар ұялы әткеншекте тербеліп, құмнан мұнара тұрғызып жатқанда, сіз ағаштардың көлеңкесінде жайланып отырып, кітап оқуыңызға немесе workout алаңында спортпен айналысуыңызға болады. Аула бөгде адамдар мен көліктер үшін жабық, ал пандустар мен жиектастардың болмауының арқасында бесік арбамен серуендеуге ыңғайлы. Ал балаларыңыз табиғатқа жақынырақ болуы үшін ойын алаңдарын табиғи ағаштан жасадық.
Ұсақ-түйекке дейін қамқорлық жасау
Биік төбелер, жұмсақ жарықтандыру және ағашқа басымдық берілген ақшыл түсті интерьер — мұнда өзіңізді бірден үйіңіздегідей сезінесіз. Дивандар қойылған жұмсақ аймақта такси күтуге, көршілермен шүйіркелесуге болады, ал арбаларыңыз бен велосипедтеріңізді арнайы жабдықталған үй-жайда қалдыра аласыздар. Өтпелі кіреберістер оқшаулықты кепілдейді — ішкі аумаққа кешен тұрғындары мен қонақтары ғана кіре алады. Сіздің қауіпсіздігіңіз — біздің басымдығымыз.
Құрылыс қалай жүріп жатыр
360°С айналаны шолу
Бұл тұрғын үй кешені бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға 2024 жылғы 11 қазан №60 рұқсат алынды. Уәкілетті компания: «SG NS» ЖШС, құрылыс салушы: «BI Devolopment Astana» ЖШС.
Бұл жарнама, ҚР АК 395-бабына сәйкес, жария оферта болып табылмайды.





















