Garden View
Үлкен өмір аумағы

Аула
Garden View ауласы — тұтас бір әлем. Мұнда сізге және сіздің отбасыңызға толыққанды демалып, белсенді өмір салтын ұстану үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Жай ғана босаңсып демалып, таза ауамен тыныстағыңыз келсе, әр түрлі өсімдіктер мен көп жылдық ағаштар отырғызылған, көгалдандырылып, күтіп-бапталған аумақ бар.
Дәліздер
Garden View дәліздерінің дизайны контрастылы, бірақ сонымен бірге бір-бірін толықтырып тұратын түстер үйлесімімен минималистік және ықшам стильде жасалған. Биіктігі 4,5 метрлік панорамалы витраждардан жарық мол түсетін жұмсақ күту аймағы жайлы атмосфера қалыптастырады. Өтпелі кіреберістер үйдің сыртқы жағынан да, ішкі жағынан да еш қиындықсыз кіру мүмкіндігін қамтамасыз етіп, уақытыңызды үнемдейді, ал бірінші қабаттардағы арбалар тұрағы балаларыңыздың көлігін сенімді жерде сақтауға мүмкіндік береді.
Құрылыс қалай жүріп жатыр
360°С айналаны шолу
Garden View 3: Бұл тұрғын үй кешені бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға 23.04.2024 №16 рұқсат алынды. Құрылыс салушы: «BI Development Astana» ЖШС. Уәкілетті компания: «Asyll Dala» ЖШС. Бұл жарнама, ҚР АК 395-бабына сәйкес, жария оферта болып табылмайды.












