Jetisu.Aspan
Yourt — кездесу, демалу және уақытты өзіңіз қалаған форматта өткізуге арналған жайлы кеңістік.
Бұл — көршілер бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ қызығушылықтарын тауып, жылы қарым-қатынас пен тату көршілік дәстүрін қалыптастыратын ерекше орта.
Yourt-та сіз:
- үстел ойындарын ойнап, шеберлік сағаттарын өткізе аласыз;
- балаңыздың туған күнін немесе отбасылық мерекені атап өте аласыз;
- жайлы әрі тыныш ортада жұмыс істей аласыз;
- көршілеріңізбен кофе үстінде бас қосып, әңгіме-дүкен құра аласыз;
- аспаздық студияда сүйікті тағамдарыңызды әзірлеуді үйрене аласыз;
- үйіңізден алысқа бармай-ақ, өзіңізге ұнайтын іспен айналысып, уақытты жағымды өткізе аласыз.
*Yourt қызметтері қолданыстағы прейскурантқа сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Жобаны іске асыру барысында көршілер орталығының ауданы мен орналасқан жері өзгеруі мүмкін. Көршілер орталығының үй-жайы сатып алынатын жылжымайтын мүлік құрамына кірмейді және меншік иелерінің (кондоминиумның) ортақ мүлкі болып табылмайды. Үй-жайдың меншік иесі кейіннен оның функционалдық мақсатын және/немесе онда жүзеге асырылатын қызмет түрін өзгертуге құқылы.
Комфорт, Комфорт lite
Тұрғын үй санаты
2.65 м
Төбесінің биіктігі
Жөндеуден өткен
Пәтерлер
1.7 - 2.17 м
Терезесінің биіктігі
Үлкен өмір аумағы

Архитектура
Үйлердің қаңқасы — ModeX зауытында өндірілген керамзитбетон модульдерінен жасалған заманауи технологияның жемісі. Мұндай құрылыс тәсілі нысанның беріктігі мен сенімділігін арттырады: материалдар температура ауытқуларына төзімді, ал өндіріс үдерісінің толық автоматтандырылуы адами фактордың әсерін болдырмайды.
Ғимараттардың қасбеті алюминий композиттік панельдермен қапталады — бұл оларға заманауи, тартымды келбет беріп қана қоймай, сыртқы әсерлерден жоғары деңгейде қорғайды. 2,15 метрлік биік металлопластик терезелер бөлмені табиғи жарықпен жарықтандырып, кеңістік пен жайлылықты сезінуге мүмкіндік береді.
Көрікті аула
Аулада қауіпсіз ойын алаңдары, тыныш демалыс орындары және ролик пен велосипед тебуге арнап ойластырылған жолдар бар. Биік және аласа бұталардан құралған тығыз қоршау жазда салқын сая, қыста желден пана болады.
Стильді және заманауи холл интерьері
Дәліздердің дизайны пәтерге кірмей тұрып-ақ жылулық пен жайлылық атмосферасын қалыптастырады. Ал көрнекі эстетика шабыт алып, маңызды нәрселерге көңіл бұруға мүмкіндік береді. Сенімді бейнебақылау жүйесі, ыңғайлы навигация және жарық дәліз кеңістігі қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етеді.
Құрылыс қалай жүріп жатыр

Онлайн-камералар
Jetisu Aspan B: Бұл тұрғын үй кешені бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға №58, 22.05.2026 ж. рұқсат берілді. Құрылыс салушы: «BI Development Astana» ЖШС. Уәкілетті компания: «SA-Green» ЖШС. Бұл жарнама ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылмайды.
Jetisu Aspan C: Бұл тұрғын үй кешені бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға №31, 17.03.2026 ж. рұқсат берілді. Құрылыс салушы: «BI Development Astana» ЖШС. Уәкілетті компания: «SA-Green» ЖШС. Бұл жарнама ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылмайды.









