Lifetown
Жаңа өмір аумағы
Lifetown — Алматының тарихи орталығына жақын орналасқан тұрғын үй кешені. Мұнда қарқынды қала өмірі — оңашалықпен және оқшаулықпен, ал сәулет пен жайғасымдардағы функционалдық шешімдер бай ландшафттық дизайнмен үйлеседі. Бұл жерден қаланың кез келген бөлігіне жету оңай, ал егер уақыт жоғалтқыңыз келмесе, маңызды нәрселердің барлығы қол созым жерде орналасқан. Сауда орталықтары, мектептер, балабақшалар, саябақтар мен театрлар — сіздің жаңа өміріңіздің аумағы.
Үлкен өмір аумағы

Әсерлі және заманауи
Қызықтырып тарту — демек, өзгелерден ерекшелену. Айшықты қасбеттер мен күрделі геометрия назарды өзіне аударып, керемет әсер қалдырады. Орамдық құрылыс оқшауланған ішкі кеңістіктер құрады, ал жасыл желектің молдығы еуропалық қалалардың ең жақсы дәстүрлеріндей ерекше әсер қалыптастырады. Әйнектеу үшін біз қосарлы шыны пакет орнатылған металлопластикалық терезелерді қолдандық. Суық ауа райының өзінде терезенің жанында тұрып, сырттағы таулардың әсем көрінісін тамашалаған жанға жайлы болады.
Оңашалық және оқшаулық
Өзіңіздің жеке оазисіңізде қала қарбаласынан арылыңыз — Lifetown ауласы сіздің жайлы демалуыңызға арнап жасалған. Жабық аула — балаларыңыздың ойын кезіндегі қауіпсіздігін, ал кедергісіз орта бесік арбамен жайлы серуендеуді және алаңсыз самокат тебуді қамтамасыз етеді. Біз ауланы функционалды аймақтарға бөлдік, онда әркім өзіне ұнайтын нәрсені табады. Балаларға арнап жұмсақ жабынды ойын алаңдары, ал спортпен айналысу үшін көше жаттығу құрылғылары бар workout аймақтары жобаланған. Белсенді күннен кейін жайлы самалжайда жайғасып отырып, термостағы хош иісті шайды рахаттана ішіп, кітап оқуға болады — Lifetown-да өмірден ләззат алу оңай.
Кең және жайлы
Кіру топтарының витражды әйнектелуі және төрт метрлік биік төбелер — Lifetown дәліздері біз үйреніп қалған кіреберістерге ұқсамайды. Мұнда күндізгі жарық көп, ал мұқият ойластырылған жарықтандырудың арқасында тәуліктің қараңғы мезгілінде де өте жайлы. IP-домофон жүйесі арқылы кіру қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал әр қабаттағы ыңғайлы навигация балаларыңыз бен қонақтарыңыздың адаспауына көмектеседі.
Құрылыс қалай жүріп жатыр
Фотосуреттер мен бейнежазбалар
360°С айналаны шолу
Архитектура проекта, изображения благоустройства, фасадов, интерьера, применяемых материалов, их нумерация, инфраструктура комплекса являются условными и могут быть изменены в ходе проектирования, строительства и эксплуатации. Очередь строительства 1. Разрешение на привлечение средств дольщиков № 100 от 30/09/2019 г., уполномоченная компания ТОО «Сайран Строй», застройщик ТОО «Компания «Индустрия Строительства». Настоящая реклама, в соответствии со ст. 395 ГК РК, не является публичной офертой.

