Örnek — әр түрлі отбасылар мен өмір салтына қолайлы болатындай жайғасымдары мұқият ойластырылған тұрғын үй кешені. Ол Қайым Мұхамедханов және Шыңғыс Айтматов көшелерінің қиылысында орналасқан, бұл көлікпен жылдам әрі ыңғайлы жету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қол созым жерде үш университет және жаяу жетуге болатын Small супермаркеті бар.
Архитектура
Ғимараттардың қаңқасы ModeX зауытында шығарылған керамзит-бетон модульдерден жасалған. Мұндай құрылыс технологиясы үйдің беріктігі мен сенімділігін арттырады: материалдар температура ауытқуларына төзімді, ал автоматтандырудың жоғары деңгейі адам факторын барынша азайтады.
Үйлердің қасбеттері алюминий композитті панельдермен қапталған, бұл ғимаратқа заманауи әрі ұқыпты көрініс береді. Биіктігі 2,15 метрлік үлкейтілген металл-пластик терезелер үй-жайды табиғи жарыққа толтырып, кеңдік сезімін сыйлайды.
Көріктендірілген аула
Örnek тұрғын үй кешенінің ауласы — үйлесімді, жаңа өмірге арналған кеңістік. Мұнда балалар қауіпсіз алаңдарда асыр салып ойнайды, ал ересектер жайлы демалыс аймақтарында жан тыныштығын табады.
Мұқият ойластырылған жолдар жаяу серуендеуге де, роликпен және велосипедпен белсенді демалуға да қолайлы. Биік және аласа бұталардан құралған тірі қоршау қыста желден табиғи қорғаныс болса, жазда саялы салқынын сыйлап, жылдың кез келген мезгілінде табиғаттан ләззат алуға мүмкіндік береді.
Холлдардың сәнді интерьері
Әдемі кіру топтары мен дәліздер тұрғын үй кешенінің тұрғындары мен қонақтарына алғашқы минуттардан бастап жайлылық сезімін сыйлайды. Ыңғайлы навигациясы бар жарық кеңістік жылдам бағдарланып, өзіңізге қажет пәтерді табуыңызға көмектеседі.
Құрылыс қалай жүріп жатыр

Онлайн-камералар
360°С айналаны шолу
Жоба туралы ақпарат/жарнама жеке және заңды тұлғалардың қаражатын тарту үшін емес, аталған өнімге сұранысты анықтау мақсатында жарияланады. ҚР АК 395-бабына сәйкес, бұл жарнама жария оферта емес.











