Shabyt Shymkent
Shabyt өмірге шабыт беретін кеңістік. Мұнда армандарға қадам жасап, жақындарыңызбен уақыт өткізіп, әр күніңізді жылы сәттерге толтыра аласыз.
Ойластырылған жоспарлар, заманауи қоғамдық кеңістіктер, абаттандырылған аула және қауіпсіз орта күнделікті өмірді барынша жайлы етеді. Әрбір шешім үйге оралған сайын жайлылық пен үйлесімділікті сезіну үшін жасалған.
Shabyt өз ырғағыңызбен өмір сүріп, әр күннен шабыт алуға мүмкіндік береді.
Үлкен өмір аумағы

Архитектура
Shabyt сәулеті заманауи стильді, ықшам пішіндер мен үйлесімді түстерді біріктіреді. Айқын геометриялық сызықтар, ерекше қасбеттер мен мұқият ойластырылған бөлшектер тұрғын үй кешеніне өзіндік келбет береді.
Ғимараттың ұстамды түстері сәулеттік үйлесімділікті айқындаса, әртүрлі материалдар мен фактуралардың үйлесімі қасбетті көрікті ете түседі.
Shabyt сәулетіндегі әрбір бөлшек жобаның басты идеясын көрсетеді: жаңа армандарға, жоспарлар мен жетістіктерге шабыт беретін жайлы орта қалыптастыру.
Бүкіл отбасыға арналған кеңістік
Мұнда отбасының әр мүшесі өзіне жайлы демалыс орнын таба алады!
Балалар үшін табиғи материалдардан жасалған ойын алаңдары, әткеншектер мен шығармашылыққа арналған кеңістіктер қарастырылған.
Ересектер үшін серуендеуге арналған жолдар мен тыныш демалыс аймақтары бар.
Жабық әрі қауіпсіз аулада табиғат пен заманауи шешімдер үйлесіп, бүкіл отбасы үшін жайлы орта қалыптасады.
Кіреберіс холлдары
Shabyt холлдары – стиль, жайлылық және қолайлылық
Ерекше дизайн, талғаммен таңдалған сәндік элементтер мен мұқият ойластырылған бөлшектер Shabyt холлдарына өзіндік келбет береді. Ал екі жаққа шығатын кіреберістер тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды.
Бұл жарнама, ҚР АК 395-бабына сәйкес, жария оферта болып табылмайды.











