Nura Esil-ден пәтер алудың 11 себебі

Nura Esil-ден пәтер алудың 11 себебі
1) Үй керамикалық кірпіштен салынған, қалыңдығы 51 см, 12 см жылуұстағыш қабат тағы керамикалық плитка.
2) Үй комфорт санатты болғанымен, «бизнес санаттағыға» ұқсас: төбенің биіктігі 3 метр, әр қабатта 2-4 пәтерден.
3) Терезе биіктігі 2 метр, демек бөлмеге жарық мол түседі.
4) Аулада шалшық су болмайды. Бір кәріз жүйесіне біріктірілген 12 шұңқырдың орнына енді 42 шұңқыр.
5) Қазіргі таңда бұл компанияның ең «жасыл» кешені: 300 раушан гүл, 400 ағаш, 2000 шырайгүл. Көгалдандыру жақында ғана BI Group-та құрылған дендрология қызметінің келісімімен жасалды.
6) Чех өндірушісінен шағын сәулеттік нысандар. Мұндай нысандар ЭКСПО-да да орнатылған.
7) Жеке шағын ботаникалық бағы бар.
8) Кіреберістерде музыкадан бөлек, жұпар иіс шығарғыш та болады.
9) Кешенде көлік тұрағынан бөлек, гараж орындары бар. Иә күтіп жүре берсеңіз, тез сатылып кетеді.
10) Үй пайдалануға берілді, демек сіз ипотекамен ала аласыз. Егер үлгермесеңіз, жанында екінші кезегі салынуда.
11) Nura Esil бұл жаны бар үй. ҚР Еңбек сіңірген суретшісі Қоңыр Бейсенбеков бұл үйдің символын жасау үшін, объектіде ұзақ уақыт бойы жүрген. Авторлық композиция үйдегі жайлылық, қонақжайлылықты білдірсе керек.
BI Development басқармасының төрағасы Амангелыды Омаров:
– Жоба жетекшісі үйдің көгалдандыруына көп қаражат жұмсады, бірақ бұл шығынның ақталғанын көріп отырмыз. Үй өте көрікті, жайлы болып шықты. Үйдің нарықта жоғары бағаланғанын қалаймыз, ал бұл тұрғындардың ортақ мүлікке қаншалықты ұқыпты қарайтынына байланысты, - деді басқарма төрағасы.
Нұрбек және Дина:
— Біз өзіміз Павлодар облысынанбыз, компанияның сенімділігі жайында білдік, үйді орналасқан жеріне қарап таңдадық, дамыған аудан.
Ербатыр:
— BI Group көшбасшы компания, оның жобалары адамдарға белгілі. Өзім биік үйлерді ұнатпаймын, сондықтан осы үйді таңдадым.