BI Group компаниясы отырғызған 150 атаулы ағаш Шымкентті безендірді

Елді көгалдандыру бағытындағы ауқымды BI GREEN жобасы Шымкентте жалғасын тапты.
Осы бастама өткен жылы BI Group инновациялық құрылыс холдингінің 25 жылдығына орай басталып, жыл сайын жүзеге асырылатын жақсы дәстүрге айналды. Тұрғындар компания қызметкерлерімен бірге Tamerlan Residence тұрғын үй кешенінің ауласында өздерінің отбасылық ағаштарын отырғызып, Шымкенттегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлестерін қосты.
150-ден астам ағаш пен бұта отырғызылды. Оңтүстік мегаполисті абаттандыру үшін дендрологтардың таңдауы оның ыстық климаты үшін ең қолайлы өсінділерге, соның ішінде жеміс және жаңғақ ағаштарына түсті. Олардың ішінде мойыл, шырша, шие, жөке, қабыржық, бөріқарақат, тобылғы, ырғай, вейгела, арша, бадам, көріктал, бүрген, шағын ырғай, секуринега сияқты ағаштар мен бұталар бар.
Dendropark жобасының жетекшісі Сахарянов Рустам:
«Шымкентті бау-бақшасы көп қала деп орынды түрде айта аламыз. Биыл жергілікті билік 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» қалыптастыру жоспарын бекітті, оның аясында 6,5 миллион ағаш отырғызылатын болады. BI Group әлеуметтік жауапкершілігі бар компания ретінде осындай экологиялық бастамаларды қолдайды. Ағаш отырғызғысы келетін ерікті тұрғындар да қосылады. Біз әр салынған кешенмен бірге барлық қажетті инфрақұрылымды жасаймыз, солардың ішінде саябақтар мен аллеялар да бар. Көшеттер қаланы безендіріп қана қоймай, сонымен қатар ыстық күндері көлеңкесін түсіріп, ауаны тазартады, климатты жұмсартады. Біздің мақсатымыз - шымкенттіктердің өмірін жайлы әрі экологиялық қауіпсіз ететін қоғамдық орындар құру»
Компания
қызметкерлері былтыр тұрғындармен бірге Нұр-Сұлтан қаласында 219 мың шаршы метр
аумақта көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенін естеріңізге сала кетейік.
Анықтама
үшін:
2019
жылдың 2-тоқсанында BI Group миллиондық қала нарығына шығатынын жариялады. Аз
уақыт ішінде компанияның Шымкенттегі бірінші Tamerlan Residence тұрғын үй кешені қаланың сәулеттік келбетін
өзгертіп, жылжымайтын мүлік саласында жайлы тұрғын үйдің ерекше үлгісі бола
отырып, ауданның нағыз бейнесіне айналды. 2021 жылдың шілдесінде алғашқы 150
отбасы пәтер кілттерін алды. Tamerlan Residence тұрғын үй кешенінде 33 мың
шаршы метр тұрғын үй, кеңсе, екі деңгейлі жерасты автотұрағы орналасқан.
Бүгінде компания Шымкентте тағы бес тұрғын үй кешенін салып жатыр, олар – Al' Farabi, Tumar Apartments, Dendropark. Grand Park, Клубный дом 39.