2018 жылы «BI-Жұлдызай» сал ауруына шалдыққан балаларға 173 хирургиялық ота жасады
.jpeg)
2018 жылы «BI-Жұлдызай» сал ауруына шалдыққан балаларға 173 хирургиялық ота жасады
2018 жыл «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорының тарихындағы ең жемісті жыл болды. Айта кетейік, BI Group холдингінің 3 547 қызметкері ай сайын жалақыларының бір бөлігін Қорға аударып тұрады, сондай-ақ жеке меценаттардың да аударымы бар.
Қор жұмысының мақсаты – сал ауруына шалдыққан балаларға емдік шаралар көрсету. 2018 жылы жиналған 88 млн теңге - 173 хирургиялық отаға және 2 334 кешенді оңалту курстарына пайдаланылды. Қазақстанның әр өңірінен 277 дәрігер үшін 28 мастер-класс ұйымдастырылды. «Менторлық» бағдарламасы шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға 3036 кеңес берілді.
«Жұлдызай» медициналық-оңалту орталығы қызметкерлерінің күнделікті еңбегінің арқасында, қор қамқорлығындағы 735 баланың бұлшық ет қозғалысы, 319 баланың оқу дағдылары дамыды. Психологтармен, дефектологтармен және логопедтермен жұмыс жасау 635 баланың сөйлеу бұзылыстарын түзетуге және 464 балаға психологиялық түзету жасауға көмектесті. Операциялар, кеңестер және оңалту курстары күрделі диагнозы бар 20 балаға тек 2018 жылы ғана өздігінен жүре бастауға көмектесті. Жалпы алғанда, медициналық-әлеуметтік жобаның 5 жыл ішінде 4-тен 13 жасқа дейінгі 69 бала өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. 5 жыл ішінде 479 ота жасалып, 6 527 кеңес берілді және қазақстандық дәрігерлер тоғыз жаңа әдістемеге оқытылды: «Менторлық» бағдарламасы бойынша еліміздің түрлі өңірлерінен 288 хирургке арналған 70 мастер-класс және 8 000-нан астам балаға оңалту қызметтерінің кешенінен өтті.
2018 жылы "Жұлдызай" орталығы өзінің географиясын кеңейтті және Алматы мен Атырауда оңалту орталықтарын ашты. Сондай-ақ, Қордың қаражатына Астана қаласының перинаталдық орталықтары жанынан 2 «Ерте оңалту» кабинеті жұмысын бастады. Тәуекел тобындағы 3 айдан 3 жасқа дейінгі 451 бала оңалту курсын тегін ала алды.
Сонымен қатар, "BI-Жұлдызай" қоры ерекше балалардың инклюзиясы мен әлеуметтенуіне үлкен көңіл бөледі және осы мақсаттар үшін жыл сайын 13 жыл қатарынан шығармашылық фестиваль өткізіп келеді, оған іріктеу барлық облыстық қалаларда өтеді, ал финалистер Астанада өтетін гала-концертте өнер көрсетеді. "Жұлдызай-2018" шығармашылық фестивалі республикалық телеарналарында тікелей эфирде көрсетілді. Концерт "Барыс-Арена" мұз сарайының сахнасында өтіп, өз тарихында рекордты көрермендер саны - 6 000 адам жинады. 2017 жылдан бастап Қор қамқорлығындағы балалар үшін "Жұлдызай" атты ерекше спартакиада өткізеді. Олардың 411-і Астанада 8 номинация бойынша жеңімпаздар тұғырына көтерілді. Спартакиада Қазақстандағы ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жалғыз спорт түрі болып табылады.
Ақпарат алу үшін:
Әсемгүл Мұрзамбет [email protected]
+7(707)202 23 62