180 отбасы пәтер кілттеріне ие болды

        15 қазан 2019

        180 отбасы пәтер кілттеріне ие болды
        Бұл елордамыздағы жаңа «Времена года: Лето» тұрғын үй кешенінің пәтер иелері. Өткен сенбіде компания осы үйдің 2-ші кезегін тапсырған болатын. Бұл үй өзінің сәулетімен және орналасуымен ерекшеленеді. Дегенмен бұл - үйдің жалғыз артықшылықтары емес. Одан бөлек, заманауи лифтілер, жоғары төбе, бөлмелердің ыңғайлы жоспарлануы және терезеден «Ботаникалық баққа» ашылатын керемет көрініс.  

        Азамат Балтабеков, жоба жетекшісінің орынбасары:
        «Бұл үй әсіресе, кешке таза ауада серуендеп, ал таңертең саябақта жүгіруді ұнататындар үшін тамаша нұсқа. Ал келесі жылдың 1 қыркүйегінде мұнда 1 500 орынды мектеп ашылады. Бұл ауданда халықтың тығыз орналасқандығын ескергенде, квартал орталығында білім беру мекемелерінің болуы – үлкен артықшылық».
        Дәл осы принциппен «Лето 2-2» кешенінен Жадыра Айтжанова есімді клиентіміз пәтер сатып алды. Оның екі баласы НЗМ-да оқиды, ал ең кішісі балабақшаға барады. Осының бәрі үйден бірер қадам жерде орналасқан.
        - Алғашқы пәтерімізді мемлекеттік бағдарламамен алған едік. Бірақ уақыт өтуде, балалар да өседі. Кең пәтер алғымыз келді. Осылайша, ойланбастан BI Group-ты таңдадық, - дейді Жадыра.
        Комфорт-класты үй 24 қабатты — бұл 180 пәтер. Бұған дейін сәуірде 98 пәтерлік тағы бір 15 қабатты блок тапсырылды. Екі үйге арналған паркингте 110 орын бар. Үй ауласында ұзындығы 250 метр гүлзары бар саяжол бар. Үй 19 айда салынды. Үй Қабанбай батыр 48/7 көшесінде орналасқан. Жанында Интертич клиникасы мен Коноваловтың офтальмологиялық орталығы бар.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.