BI Group өз мерейтойына орай атқарған 30 игі іс

18 ақпан 2026
Холдинг

Қазақстандағы құрылыс көшбасшыларының бірі BI Group компаниясы 2025 жылы 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Компания осы жылдар ішіндегі нәтижелерін қорытындылаумен қатар қоғам  қажеттіліктерін де қамтыды. Осылайша қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартатын, әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылыққа бағытталған «30 игі іс» бастамасы іске қосылды.

 

Әр жасалған игі іс қоғамды жақсы жаққа қарай жетелейді. Мәселен, бұрыннан қайырымдылық іс-шарасы ретінде өтетін BI Marathon аясында 51 миллион теңге жинады. Бұл қаражат толықтай «Жұлдызай» қорына, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту бағдарламаларын қолдауға, фестивальдар мен спартакиадалар өткізуге, сондай-ақ мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсетуге жіберілді.

 

 

Денсаулық сақтау саласында Mumkindik жобасы жүзеге асты. Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балаларға 325 жоғары технологиялық операция жасалды. Бұл бастама балалардың өмірін сақтап қана қоймай, науқас балалары бар отбасылардың шамамен 4,9 миллиард теңге үнемдеуіне көмектесті.

 

 

BI Group түрлі бағытта әлеуметтік көмек көрсетеді. Айрықша жобалардың бірі - «Қазақстанның лайықты азаматы» ұлттық байқауы. Ол ерікті түрде қоғамды алға жетелеп, ешнәрсеге бей-жай қарамайтын, адамдардың өмірін жақсартуға тырысып жүрген лайықты азаматтарды анықтап, марапаттауға бағытталған жоба. BI Group жеңімпаздарға ел дамуына қосқан үлесін елеп пәтер табыстап, қолдау көрсетеді. Өткен жылы осы бағытта 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

 

 

Компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің тағы бір маңызды бағыты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау. Алматы қаласында BI Group «Жан Ұя» мектебін жайлы әрі қауіпсіз ете түсу үшін білім беру 6 миллиард теңге бөлді.

 

 

Білім беру саласында BI Group ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асырады. Соның ішінде компанияның жекеменшік мектептерінде оқуға арналған гранттар бар. Бұл гранттар жоғары әлеуеті бар балаларға сапалы білім алуға жол ашады. Қазіргі таңда 125 оқушы осы мүмкіндікті пайдаланып, білім алуда.

 

BI Group қоршаған ортаға да қамқорлық танытады. Холдинг Шымкент қаласындағы Дендросаябақты түрде қайта жаңғыртып, жобаға 381 миллион теңге инвестиция салды.

 

«30 игі іс» бастамасы аясында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жобалары жүзеге асты. Жайық өзенінің жағалауында плейхаб пен заманауи воркаут-аймақтар салынды, оған 20 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Атырау қаласының инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінді, автовокзал ғимаратының алдыңғы фасады қайта жаңартылып, SANDI тұрғын үй кешенінің жанындағы сквер абаттандырылды. Бұл жобаларға жалпы 30 миллион теңге бөлінді.

 

Бұдан бөлек, холдинг экологиялық іс-шараларды бастады. Бурабайда өткен эко-сенбілік барысында көл жағасындағы күркелер қалпына келтіріліп, жаңалары орнатылды, 40-тан астам орындық пен 100 құс ұясы жасалды. Эко-шараларға шамамен 20 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ 171 миллион теңге бюджет бөлініп, Алматы және Шымкент қалаларындағы таудағы жүргін бағыттарды қауіпсіз әрі қолжетімді етуге арналған «Бақыт соқпақтары» жобасы іске қосылды. Компания өз қызметін жүргізетін барша қалада BI Green эко акциясы өтіп, жалпы құны 608,5 миллион теңгеге жуық 91 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.

 

 

Мерейтойлық іс-шаралар аясында мәдениет саласына да ерекше көңіл бөлінді. BI Art өнер орталығы заманауи өнерді дамытуға, көрмелер мен білім беру бастамаларын өткізуге арналған динамикалық платформа ретінде жұмыс істеп, шығармашылық қауым мен қоғам арасындағы диалогты дамытуда.

 

BI Ecosystem 2025 аясында компания алғашқы ипотеканы рәсімдеген клиентке, компанияның алғашқы клиентіне, BIG + бағдарламасының алғашқы қатысушысына және 130 мыңыншы клиентіне арнайы алғыс білдірді.

 

Жалпы алғанда, «30 игі іс» бастамасын жүзеге асыруға BI Group 12,28 млрд теңге жұмсады. Алайда бұл бастаманың нағыз құндылығы адамдар мен қалалардың өміріне әкелген нақты өзгерістер. Бастама BI Group-тың негізгі философиясын айқын көрсетті, яғни, сенім қалыптастыру, жаңа мүмкіндіктер ашу және тұрақты болашақ құру.

 

BI Group туралы

 

BI Group акционерлері мен холдингі АҚШ, БАӘ, Өзбекстан және Әзербайжанды қоса алғанда 6 елде маңызды жобалардың құрылысына инвестиция салады. Компания AIX және KASE қор нарықтарында ұсынылған және жыл сайын «үлкен төрттікке» кіретін KPMG компаниясының аудитінен өтеді. Ол ENR Top 250 Global Contractors халықаралық рейтингінде (161-орын) көрсетілген жалғыз қазақстандық девелопер.

 

30 жыл ішінде BI Group 145 мың пәтер, 8 млн шаршы метр тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік салды, ондаған инновациялық мектептерді, сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдар, көпірлер, зауыттар, энергетикалық нысандар сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша компания ТМД және Таяу Шығыс аймағында көшбасшы атанып, Cushman & Wakefield Veritas деректеріне сәйкес Emaar, DAMAC, ПИК және басқа да әлемдік алыптарды басып озды.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.