4YOU кешені тұрғындарға есігін айқара ашты

8 ақпан 2023
BI Development Almaty
0

Кеше Алматыда 4YOU Comfort тұрғын үй кешенінің төртінші кезегіндегі пәтерлердің кілттерін тапсыру басталды. Барлығы 209 пәтер өз иелерін күтсе, ал 85 тұрғын аңсаған пәтерлерінің кілтін алды.

4YOU жобасы мегаполистің жаңа орталығындағы қарқынды дамып келе жатқан ыңғайлы инфрақұрылымы бар ауданда орналасқан.

Маған кешеннің сәулеті қатты ұнады. Жарықтандырылған көшелеріміз, әсіресе, қыста қар жауған кезде ерекше көрінеді. Сіз өзіңізді Нью-Йоркте жүрмін бе деп ойлап қаласыз! – деп 4YOU Comfot-4 тұрғын үй кешенінің тұрғыны Арай өз әсерімен бөлісті.

Саябақтар, ауруханалар, мейрамханалар, сауда орталықтары кіретін дамыған инфрақұрылым әрі қарай да салына береді. Мәселен, жуырда бұл жерде Радостовец көшесінің бойында жаяу да, велосипедпен де жүруге ыңғайлы бульвар салынады.

Тұрғын үй кешенінің жанында 11 балабақша, 8 мектеп және түрлі білім беру мекемелері болатынын атап өту керек.

Терезелеріне витражды әйнек қойылған, қабырғасының биіктігі 4 метр, ауа айналымы жақсы және дизайны әдемі коммерциялық үй-жайлардың тиімді орналасуы тұрғын үй кешенінің тағы бір ерекшелігі болмақ.

4YOU кварталының басты артықшылықтарының бірі – ауланың қауіпсіздігі. Оған жеке кіру жүйесі орнатылғандықтан, бей-берекет көлік кіре алмайды, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, дене шынықтыру жабдықтары, бесік арбамен жүретін жолы, жасыл желекке оранған, демалып отыратын орындар қарастырылған.

Кешен тұрғындары қаласа, қозғалыс, судың ағып кетуін, өрт дабылын және т.б. хабаршылары бар Connected Home қосымша опцияларын орната алады. Бұл технологиялар бөлмелердің температурасы мен ылғалдылық деңгейін жайлы етуге және сүйікті әуенін қоюға мүмкіндік береді. 

Құрылысшылар қатты шудың таралуын оқшаулайтын «қалқымалы еден» технологиясы мен дыбысты естіртпейтін Acoustic Pro пәтераралық арақабырғаны қолданған.  

BI Group компаниясы құрылыста белсенді қолданатын «ақылды» технологиялардың көмегімен пәтерлерге саусақ ізі, код, смарт-карта және механикалық кілт секілді төрт тәсілмен кіруге болады. Тұрғындар IP-домофон арқылы күзетшілерге хабарласып, үйге келгендермен сөйлесіп, бақылау камераларынан қажетті бейнежазбаны көре алады.

Компания Бақыт министрлігінің қызметтерін таныстырды, оның негізгі мақсаты – тұрғындардың арасында бірлік пен татулықты дамытуға бағытталған демалыс пен ойын-сауық шараларын ұйымдастыру.

4YOU жобасы бойынша жұмыс 2019 жылдың қыркүйегінде басталды. Кешен комфорт және бизнес-класты 4 кезектен тұрады.

Толық ақпаратты сату бөлімдерінен, ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Instagram желісіндегі @bi.group.almaty парақшасынан және компанияның https://bi.group/ru/ ресми сайтынан білуге болады. Сонымен қатар BIG қосымшасы арқылы сатып алуды ресімдеп, Үлестік қатысу шартына онлайн қол қоюға болады.

 

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.