BI Group донорлық акциясының арқасында 60 литр қан жиналды

        26 қараша 2021

        Биылғы Green Tower және Номад бизнес-орталықтарындағы 3 күнге созылған донорлық акцияға 133 донор қатысты. Медициналық көрсеткіштерге байланысты ниет білдірген 150-ден астам қызметкердің барлығы қан тапсыра алмады. Донация нәтижесінде 60 литрден астам қан жиналды.

        Акцияның алғашқы екі күні Green Tower БО-да өтті, оған 100-ден астам адам қатысты. Айта кету керек, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, көптеген әріптестеріміз желіден, сондай-ақ сату бөлімдерінен келді.

        Соңғы күні донорлық акция Номад БО-да өткізілді. Қан тапсыру пунктіне 40-тан астам қызметкер келіп, олардың 35-і донор болды.

        Холдингтегі акцияны қолдағандардың дені алғаш рет қан тапсырғанын атап өткен жөн. Бухгалтерия бойынша жетекші маман Айман Бейсекеева өз әсерімен бөлісті: «Мен алғаш рет қан тапсырудамын. Өзімді жақсы сезінемін. Профилактика үшін қанымды жаңартып, донор болуға келдім. Әріптестеріме қорықпауға кеңес беремін. Бәрі өте ыңғайлы, олар анализ алып, нәтижелерді бірден дайындайды».

        Біздің арамызда үнемі қан тапсыратындар да жұмыс істейді. BI Service-тің салық жөніндегі жетекші бухгалтері Нұржамиля Аббасова өз тарихымен бөлісті: «Мен жыл сайын донорлық акцияға қатысамын. Өйткені, біздің қанымыз біреуге көмектеседі және іс жүзінде бұл аса қиын жұмыс емес».

        Әріптестерімізге және донорлық акция ұйымдастыруға көмектескені үшін трансфузиология орталығына алғыс білдіреміз.

        Біз барлық донорларымызды құттықтаймыз және оларға мықты денсаулық тілейміз!

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.