Елордада LEGO конструкторы қағидаты бойынша салынған пәтерлер пайда болды

        17 мамыр 2021

        Модульді үй құрылысы технологиясы Швеция, Германия, АҚШ пен Сингапурда және басқа елдерде кеңінен таралған. Енді Қазақстанда да осындай алғашқы нысан бой көтерді. Құрылыс технологиясы ғана емес, сонымен қатар сатып алу процесі де ерекше. Клиент таза әрленген дайын тұрғын үйге кіреді және бірден құжаттарды қолына алады. 144 пәтердің 40-ы жиһазбен жабдықталған.

        Аталмыш технология бойынша тіпті 40 қабатты кешендер салынса да, "7Я" ТҮК-тің үшінші кезегінің биіктігі - 16 қабат болса да, компания жобаны үлкен жауапкершілікпен жүзеге асырды. Сынақтар жүргізу және жобаны толық сүйемелдеу үшін ҚазҚСҒЗИ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты тартылды. Сынақтарды танымал профессор Беспаев Алий Аббасович басқарды.

        "Жетекші сарапшылар мен мемлекеттік органдар рұқсат бергеннен кейін ғана құрылыс басталды. Технологияның мәні зауытта дайын бөлме жасалатындығында деп айтуға болады. Содан кейін объектіде LEGO конструкторы қағидаты бойынша блоктар жиналады. Әр бөлме жеке капсула болғандықтан, дыбыс оқшаулаудың жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізіледі. Белгіленген норма 50 дБ болса, нәтиже – 54 дБ. Зауытта жасалған жағдайлар ауа райы мен адам факторына тәуелсіз жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді", - дейді жобаны дамыту жөніндегі менеджер Айнұр Токубаева.

        Тұрғын үй кешені комфорт-класс санатына жатады. Мұнда кеңейтілген терезелер, электронды құлыптар, видеодомофон, кондиционерлерге арналған себеттер бар. Ас үйдің ауданы – 14 ш.м.. Барлық пәтерлер таза әрлеуде беріледі. Олардың бір бөлігі қазақстандық жиһазбен жабдықталған. Үйде жолаушылар және жүк-жолаушыларына арналған екі лифт бар. Сондай-ақ, тұрғындарда екі: басқа кезектермен ортақ және тыныш, оқуға арналған күркелері бар өз ауласы болады. Пәтерлерден басқа, бұл жерде 7 кеңсе және 27 орынға есептелген паркинг қарастырылған. 

        Алдын ала жасалатын шартты тікелей объектіде, сондай-ақ "Премьера" ТҮК пен Viva Plaza сату бөлімдерінде жасасуға болады. Осы аптада құжаттар дайын болады және сіз мәмілені, сонымен қатар сатып алынған пәтерді кепілге қою арқылы ипотека рәсімдей аласыз.

        Алдын ала шарт жасасқан алғашқы клиент Малика Төлебаева болды. 

        - Мен Ресейдің оңтүстігінде және біздің климатымызға ұқсас Скандинавиядағы осындай үйлер туралы көп естідім. Сондықтан технологияға күмән жоқ. Мен стандарт санаттың жоғары деңгейіне таңданғанымды жасырмаймын. 

        2 күн ішінде үйдегі пәтерлердің жартысына жуығы сатылды. 70 мәміле жасалды.

        "7Я" ТҮК-тің үшінші кезегі – Nova City үшін алғашқы «қарлығаш». Аталмыш технология бойынша Sezim Qala 9, Тұран көшесіндегі Nova City, "Қайнар" мен тағы бірнеше нысанның құрылысы жүргізілуде. Олар 3-4 ай ішінде салынып, таза әрлеуде тапсырылады. 

        Толық ақпаратты біздің сату бөлімдерімізден немесе 340 нөмері бойынша алуға болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.