Биылғы жазда BI Group пәтерлерінде бес жүз мыңыншы тұрғын қоныстанады
 СМИ-6.jpg)
Биылғы жылдың сәуір айында Talan бигвиллінде пәтер сатып алған Атырау қаласының тұрғыны Айнагүл, осы жылжымайтын мүлкі арқасында бүкіл елге танымал болатынын күтпеген болса керек. Бір топ қазақ батыры мен сату бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, сатып алушыны BI Group-тың 98 мыңыншы клиенті болуымен құттықтап қайтты. Осы оқиғаның құрметіне, оған тұрмыстық техниканы сатып алуға бір миллион теңге табыс етілді.
"Өз басым байқауларға сирек қатысамын. Шынымды айтсам, ерекше клиент боламын деп ойламаппын. Бұл жағдайдың арқасында ғажайыптардың болатынына көзім жетті. BI Group клиенті болуға қуаныштымын. Енді жаңа үйіме көшуді тағатсыздана күтіп отырмын. Компания өркендеп, гүлдене берсін", - деп қуанышымен бөлісті Айнагүл.
Осылайша, компания "Жүз мың алғыс" науқанын іске қосып, оның аясында холдинг әрбір 500-ші клиентті атап өтуге және айрықша сыйлықтармен құттықтауға ниетті, бұл арада басты жүлде BI компаниясы ұсынған 100 мыңыншы пәтерді сатып алушыға бұйырады. Девелопер мерейтойлық клиенттерді осындай ерекше тәсілдермен бірінші рет құттықтап жатқан жоқ. Мысалы, 2016 жылы Геннадий Головкин пранкер болып, сату жөніндегі менеджер кейпіне енді.
bi.group компаниясының сайтындағы есептегіш бүкіл ел бойынша іс жүзінде сатылған пәтерлер санын көрсетеді. Пәтерлерді сатып алу санын есепке алу процесі мен жеңімпаздарды анықтау әділдігін ІТ-жүйелер қамтамасыз етеді. Пәтерді сатып алу-сату шартының әрқайсысы екі жылдан артық уақыт бойы блокчейн-технологияларды қолдану арқылы жасалып келеді.