Елордада BI Group компаниясының Жылжымайтын мүлік агенттігі ашылды

        25 желтоқсан 2020

        Еліміздегі ірі құрылыс компаниясы BI Group риэлторлық қызмет көрсету нарығына шықты.

        Компания өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда бұл бағыт қарқынды түрде дамып жатса да, іс жүзінде заңмен реттелмеген. Осыған байланысты біліксіз мамандар саны артып келеді. BI Group Жылжымайтын мүлік агенттігі жаңадан салынған үйлер мен қайталама нарықта тұрғын үйді, сонымен қатар коммерциялық үй-жайларды немесе дайын кәсіпті, өнеркәсіптің ірі нысандарын сатып алу немесе сату кезінде сараптамалық көмек көрсетеді.  

        - Кейбір адамдар мәмілелерді өз бетімен оңай шешіп,  оған ақша үнемдеуге болатындығына сенімді. Алайда олар мұндай істердің астарына тереңінен бойлай келе, көптеген кедергілердің кездесетінін түсінеді. Интернеттен алынатын кеңестер кез келген жағдайда тиімді бола бермейді. Біздің сарапшыларымыз клиенттерге өтінім беруден бастап пәтердің кілтін алуға дейін – мәміле жасаудың барлық кезеңінде көмектеседі, - дейді агенттіктің директоры Ерлан Сүндетбаев.

        Агенттік ашылғанға дейін қызметкерлерді іріктеп, оларды дайындауға көп жұмыс жүргізілді. Білікті сарапшы клиенттің нақты қажеттіліктерін анықтап, тұрғын үйдің түрі, ауданы, инфрақұрылымы, үйдің салынған жылы, орналасқан жері сияқты көптеген мәселені шеше алады. Кәсіби риэлтор сізге кез келген мүліктің болашағы туралы айтып береді. Агенттіктің жылжымайтын мүліктің барлық нұсқасын жайласып отырып, асықпай қарауға болатын жеке клиенттік залы бар.

         - Жаңадан ашылған алаң жылжымайтын мүлік қызметтері нарығына цифрлық инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді. Біз қазіргі таңда осы сегментте, соның ішінде халықтың зейнетақы жинақ қорынан алатын қаражатына байланысты сұраныстың артып келе жатқанын байқап отырмыз. Осы өзгеріске байланысты көптеген қазақстандық өздерінің баспана мәселесін шешсе, ал құрылыстың дамуы елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер ететін болады», - деп атап өтті ашылу салтанаты кезінде Тұтынушыларға қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі басқарушы директор Әсел Жүнісова.

        Жаңа агенттік әзірге пәтерлерді жалға берумен айналыспайды, дегенмен төмендегідей басқа да ерекше қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтсақ:

        - Ипотека ресімдеу барысында сол саланың маманы ақысыз кеңес беріп, толық қолдау көрсетеді;

        - ВІ ЖМА заңгері кепілақы туралы келісімді (алдын ала шарт жасасу) тегін ресімдейді;

        - Толық заңгерлік кеңес пен құжаттарды тексеріп береді;

        - BI Cleaning қызметі барлық тазалау қызметіне 15% жеңілдік береді;

        - Жылжымайтын мүлікті заңдастыру мен жобалау бойынша BI ЖМА клиенттеріне 20% жеңілдікпен қызмет көрсетеді;

        - Барлық маманның кеңестері мен қызметтерін бір кеңседен алуға мүмкіндік бар;

        - Мәміле жасасу кезінде қаржының дұрыс қолданылуы мен растайтын барлық құжатты ұсынады.

        Жаңа агенттіктің нотариаттық қызметтерді 30% мөлшерлемемен бірлесіп қаржыландыратын санаулы мекемелердің бірі екенін атап өткен жөн. Агенттік кез келген құрылыс салушының жылжымайтын мүлігімен жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда ЖМА қорында 3773 нысан мен 200-ден астам клиент бар. Бұл сандар күн санап өсуде. Әсіресе, жекеменшік үйлер мен жер телімдеріне сұраныс артып келеді. Ресми ашылу салтанатына krisha.kz платформасының, Риэлторлық мәліметтер банкі, ХҚКО өкілдері, сонымен қатар ТҮҚЖБ, Сбербанк сияқты құрылыс холдингінің серіктестері қатысты. Жылжымайтын мүлік агенттігі 2021 жылы Қазақстанның басқа қалаларында да бөлімшелерін ашуды жоспарлап отыр.

        BI Group Жылжымайтын мүлік агенттігі «Лазурный» бизнес-орталығында орналасқан (Сарайшық көшесі 7/7, 4-қабат). Мамандармен мына телефондар арқылы байланысуға болады: +7 701 0 360 360, +7 777 110 31 37.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.