Каспий жағалауында Aktau Riviera жобасының бірінші кезегі тапсырылды

        3 қазан 2022

         Әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қызықтыратын еліміздің ерекше бір аймағы – Маңғыстау облысы, дәлірек айтсақ, Каспий теңізі. Бұл даму қарқыны жағынан да, инвестиция көлемі жағынан да қарқынды дамып келе жатқан аймақ.

         

        Теңіз жағалауында туристік хаб құрып, оның әлеуетін арттыру үшін 130 га жер бөлінді, қазірдің өзінде аумақта Tetysblu ойын-сауық саябағы, серуендеуге арналған аллея, қонақ үй, тұрғын үйлер салынған, ал сауда және гольф алаңдарының құрылысы әлі жүріп жатыр. Каспий жағалауының ауқымды жобасы - Aktau Riviera пәтерлер мен виллалар кешені болды, оның бірінші кезегі пайдалануға беріліп, 150 пәтер және вилла иелеріне кілттер табысталды.

        Теңіз жағалауындағы жеке вилла бұрын шетелдегі жылжымайтын мүлік иелеріне ғана қолжетімді болатын. BI Group көмегімен өз елімізде де мүмкін болып отыр.  Сонымен қатар осы виллалар сыртқы және ішкі жағынан да шетелдік нысандардан кем түспейді. Сіз кең терезелер арқылы немесе ашық террассадан Каспийдің керемет көрінісін тамашалай аласыз, ал суға түскіңіз келсе, теңізде немесе жеке бассейніңізде шомылсаңыз болады.

        Вилла иелері үшін мейрамханалар аллеясынан СПА аймағына және ойын алаңдарына дейін серуендеуге арналған жасыл аллея қарастырылған. Әрбір виллада жеке бассейн және «Ақылды үй» жүйесі бар. Барлық нысан толық әрленген: қабырғаларға бояуға арналған түсқағаздар жапсырылған, еденге паркет тақталары мен кафель төселген, төбеге жарықшамдар орнатылған, одан қалды жуынатын бөлмелердің қабырғасы кафельмен қапталып, толықтай сантехникамен жабдықталған  және артықшылықтары мұнымен ғана шектелмейді. Қазірдің өзінде жоба Қазақстанда жақсы тұрмыс пен демалыс үшін ең таңдаулы орындардың біріне айналды.

        «Біз отбасымызбен саяхаттағанды жақсы көреміз, мұндай теңіз жағасындағы вилла біз үшін арман болатын. Міне арманымыздың орындалатынына мүмкіндігі түскенін көріп, бірден алуға бел байладық. Енді біз күн сайын теңіз ауасы мен керемет көріністерді тамашалайтын боламыз», - деп өз әсерімен бөлісті үй иесі Айман.

        Сонымен, Каспий жағалауындағы вилланың қалай иесі болуға болады? Толығырақ BI Group компаниясының Ақтау, Атырау, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы сату бөлімдерінен біле аласыз, сондай-ақ ақпаратты 360 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) алуға болады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.