Aktau Riviera: сіздің теңіз жағалауындағы жеке курортыңыз

        1 қазан 2021

        BI Group клиенттері Каспий жағалауындағы керемет виллаларының кілт-чиптерін алды. Жобаның бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылды.  Жаңа кезектер белсенді түрде салынып жатыр. Аймақ экономикасы еліміздің жетекші құрылыс компанияларының бірінің келуімен жаңадан қосымша серпін алды.


        Дағдарыс дегеніміз – мүмкіндік.

        Пандемия, шекараның жабылуы, рейстердің тоқтатылуы. 2020 жылы апокалипсис тәрізді сюжет шындыққа айналды, бірақ осы жағдайдың арқасында азаматтарымыз бен билік өкілдері туған еліміздің сұлулығына ерекше назар аудара бастады. Қазақстанда демалатын орындар бар, тек инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет және осындай жерлердің бірі Каспий теңізі жағалауы екені сөзсіз.  Маңғыстау түбегінде жаңа туристік кластер белсенді түрде дамып келеді. Аймақ қонақтары мен тұрғындары халықаралық қонақүйде демала алады. Балалар да, ересектер де - Қазақстан үшін бірегей Tetys Blue саябағынан әсер алып, рақаттана алады.


        Толқынның дауысын ести отырып

        Теңіз жағалауындағы жеке вилла бұрын шетелдегі жылжымайтын мүлік иелеріне ғана қолжетімді болатын. BI Group көмегімен өз елімізде де мүмкін болып отыр.  Сонымен қатар осы виллалар сыртқы және ішкі жағынан да шетелдік нысандардан кем түспейді. Екі қабатты үйлер еуропалық ықшамдалған стильде салынған. Бірінші қабаттағы қабырға биіктігі - 3,3 метр, ал екіншісінде - 3 метр. Сіз кең терезелер арқылы немесе ашық террассадан Каспийдің керемет көрінісін тамашалай аласыз, ал суға түскіңіз келсе, теңізде немесе жеке бассейніңізде шомылсаңыз болады. Барлық вилла минималистік стильде жасалған. Әрлеу барысында жетекші әлемдік өндірушілердің өнімдері пайдаланылды. Rezult паркет тақталары, GROHE ваннаға арналған қондырғылары қолданылды.

        Мұнда темір немесе кірпіштен жасалған қоршаулар жоқ.  Оның орнына қына ағашынан жасалған жасыл қоршау салынған.

        Қауіпсіздік туралы алаңдамасаңыз да болады.  Аумақ толықтай қоршалған және тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі.  Виллалармен қатар сатылымда пәтерлер де бар, олар да толықтай әрленіп беріледі. Олар 2022 жылдың сәуірінде беріледі деп жоспарланған. Қосымша ақпарат алу үшін 360 нөміріне қоңырау шалыңыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.


        Құрылыс және туризм - ең көп жұмыс орындарын ұсынатын 2 сала.

        2020 жылы BI Group-тың келуімен аймақ экономикасы қосымша серпін алды. Бүгінгі таңда 15 жергілікті компания іске тартылды және оларда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.  Рамазан айында жоба тобы қажетті өнімдерді сатып алып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тапсырды. Ақтауда BI-Жұлдызай жобасы ұсынылды және денсаулық саласына көрсеткен көмек баға жетпес үлес болып табылады. BI Group тобы салған жұқпалы аурулар ауруханасының арқасында 4050 адамға медициналық көмек көрсетілді.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.