Алматыда жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары аулада көкөніс өсіре алады

        6 тамыз 2020

        BI Group компаниясының ALA Park атты тұрғын үй кешені оңтүстік астанамызда 2022 жылы пайдалануға беріледі. Жаңа тұрғын үй бұрынғы автобус паркінің орнына салынады.

         «ALA Park тұрғын үй кешенінің құрылысы осы жылдың төртінші тоқсанында басталады, жоспар бойынша құрылыс кем дегенде екі жылдың ішінде аяқталады. Кешен аумағында тұрғын үйдің қазіргі заманғы 4 кезегі салынады», - дейді BI Group компаниясының жобаны дамыту жөніндегі менеджері Әділет Қаржаспай. 

        Тұрғын үйдің артықшылықтарының бірі – қауіпсіз аула, яғни үй ауласына көлік құралдарының кіруіне шектеу қойылады, оның орнына тұрғындардың демалысы мен балалардың ойыны үшін түрлі алаңдар орнатылмақ. Аула дизайны бойынша, үлкен құмсалғышы мен шағын автодромы бар балалар алаңқайы спорт алаңынан кішкене аллеямен бөлінген, бұл бір-біріне кедергі жасамасы үшін. Ал футбол-баскетбол алаңшасы және work-out аймағы бар спорт алаңы қажетті заттармен жабдықталған: тренажерлер, белгілер, баскетбол сақинасы және футбол қақпасы. Сондай-ақ қауіпсіздік үшін футбол алаңы тормен қоршалған. Әр аймақты кешеннің бүкіл аумағында орналасқан орындықтардан бақылап отыруға болады.

        Бұл үйдің тағы бір ерекшелігі, тұрғындар үшін бақша қарастырылған, бір қызығы тұрғындардың өздері бақшада көкөніс өсіре алады. Бұл үшін арнайы жарықтандырылған орын бөлінген.

        Ата-аналар үшін балалар арбасын сақтауға арналған бөлме қарастырылған. Кіреберістердің екі есігі бар: бірі ішкі аулаға, екіншісі көше жаққа қарайды.

        Тұрғындар үшін маңыздысы – ауладағы қауіпсіздік, сондықтан кешен аумағын бейнебақылау мен күзет қызметі бақылайтын болады. Тағы бір жаңалық, пәтерлердің сыртқы есігіне кодпен ашылатын электронды құлып орнатылған, оны картамен тіпті қарапайым кілтпен де аша аласыз. Сондай-ақ, пәтер сатып алғанда әр клиент бейнебақылауы бар IP-телефонға ие болады. Осы тұста, компанияның пәтерлерге жөндеу жұмыстарын ұсынатынын да айта кеткен жөн, сіз сайтқа кіріп арнайы онлайн конструктор арқылы пәтеріңіздің болашақ дизайнын таңдап, жөндеу жұмысына тапсырыс бере аласыз.

        Тұрғын үйдің жанында күнделікті тұрмысқа қажеттінің бәрі бар – «Асыл Тау» тұрғын үй кешеніндегі балабақша, мектеп, лицей, ADK, Moskva сауда орталықтары, театр, Family Park және т.б.

        Бізге тек құрылысшылар үйді салып бітіргенше, бақылап отыру ғана қалады. ALA Park бірегейлігімен қазірдің өзінде алматылықтардың назарын аудартуда. Жақын арада құрылыс алаңына камералар орнатылады және біз оның көмегімен үйден шықпай-ақ құрылыстың қалай жүріп жатқанын онлайн режимінде көре аламыз.

        Ақпарат әлеуетті тұтынушылардың сұранысын анықтау мақсатында жарияланды. Үлестік қатысу туралы шарттар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңына сәйкес жергілікті атқарушы орган үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бергеннен кейін жасалады.

        "Stroy Park" ЖШС уәкілетті компаниясы. Үй салушы: «Компания Индустрия Строительства» ЖШС.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.