Оңтүстік астанада жаңа Ala Park тұрғын үй кешені салынады

        15 наурыз 2021

        2022 жылы BI Group компаниясының ALA Park атты бірегей тұрғын үй кешені оңтүстік астанамызда бой көтереді. Жобаның жаңа кезегін брондау 18 наурызда басталады деп жоспарланып отыр.

        Жобаны әзірлеу менеджері Әдідлет Қаржаспайдың айтуынша, кешен 19 блоктан тұрады және 4 кезекке бөлінген.

        Автокөліктерден және серуендеуге, ойын мен демалуға арналған жабдықтардан оқшауланған қауіпсіз аула тұрғын үй кешенінің басты артықшылықтарының бірі болып табылады. Үлкен құмсалғышы және мини-жарыс трассасы бар балалар ойын алаңы мен спорт алаңынын арасы кішкентай аллеямен бөлінген. Футбол мен баскетбол алаңдары және work-out аумағы бар спорт алаңы жаттығу құрылғылары, баскетбол шеңбері және қақпа сияқты қажетті құралдармен толықтай жабдықталған. Қауіпсіздік үшін футбол алаңы тормен қоршалған. Кешен аумағында орналасқан орындықтардан барлық алаңдағы ойындарды көруге болады.

        Кешеннің ауласында тұрғындар үшін шағын көкөніс бақшалары ұйымдастырылады, соның арқасында олар бос уақыттарын түрлендіріп, қаладан шықпай-ақ табиғатпен тығыз байланысқа түсе алады. Көкөніс бақшаларының аумағы жарықтандырылатын болады.

        Бесік арбалар сақтайтын бөлмелер кішкентай балалары бар отбасыларды қызықтыратыны сөзсіз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешен бейнебақылау және күзет пунктімен жабдықталады. Пәтерлерге карта, қолжеткізу коды немесе қарапайым кілтпен ашылатын электрондық құлыптар орнатылатын болады. Сонымен қатар әр клиент үй сатып алғанда, кешен бейнебақылауына қолжетімді IP-телефонияны пайдалана алады. Компания толық әрлеу жұмыстарын ұсынады, оны онлайн-конструктор арқылы көре аласыздар.

        Тұрғын үй кешенінің жанында «Асыл Тау» тұрғын үй кешеніндегі балабақша, мектеп, лицей, «АDK» және «Mega Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталықтары, театр, «Family Park» сияқты барлық қажетті инфрақұрылым бар.

        Уәкілетті компания - «Story Park» ЖШС.  Салушы компания «Компания Индустрия Строительства ЖШС. Толық ақпаратты 360 нөмірі бойынша біле аласыздар.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.