Алғаш рет BI Group Алматыдағы тұрғын үй кешендерімен автобус турын өткізді

        1 қараша 2017

        Өткен демалыс күндері компания болашақ тұрғындары үшін экскурсия ұйымдастырды.

        Атап айтсақ, компанияның Алматыдағы жобалары: Берекет, Асыл Тау, Жаңа Жетісу, Gagarin Park, Art Residence, Қалампыр, Аманат және Avenue Central.

        Бұл пәтер таңдау алдында клиент үшін керемет мүмкіндік, бір күнде салынып жатқан барлық объектіде болып, өз үйін таңдйды. Құрылыс сапасы мен қарқынын өз көзімен көруге 35 адам келді.

        Айнұр Бейсова: «Барлығы лайықты деңгейде өтті! Бұл тур үшін сіздерге рахмет»

        Маргарита Ивановна да өз пікірімен бөлісті:

        «Тұрғын үй кешендермен автобус туры – керемет идея! Осы тұста BI Group-тың кәсіпқой командасын ерекше атап өтуге болады. Құрылыс бойынша барлық сұрақтарыма толық жауап алдым. Әр қызметкердің өз ісінің маманы екені білінеді!»

        Алматыдағы BI Group үйлері - әрбір клиент өз өмір сүру образына сәйкес таңдай алатындай орналасқан. Тау көрінісін, тыныштық пен жайлылықты қалайтындар үшін – Art Residence, шағын аудандарда тұруға үйреніп қалғандарға – Жаңа Жетісу мен Аманат. Және, құрылыс салушының басты артықшылығы – клиентке бағдарланған қызмет көрсету. Үйді пайдалануға бергеннен кейін, компания клиенттермен қарым-қатынасын үзбейді, сервистік қызмет ретінде жұмысын жалғастырады.

        Елордалық BI Group-тың Алматы нарығына кіргеніне көп уақыт бола қойған жоқ, алайда комфорт және бизнес-санаттағы тұрғын үй сегментінде өзіндік орны бар. Алдағы уақытта да қолжетімді баспананы қосқанда, тұрғын үй құрылысының барлық сегментін дамытуды жоспарлап отыр.   

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.