«Аманат» тұрғын үй кешені алғашқы қонақтарын қабылдады

        24 қаңтар 2018

        300-ге жуық адам Алматыда салынып жатқан “Аманат» тұрғын үй кешеніндегі өз пәтерлерін көруге келді. Үй тұрғызылып жатқанда компания клиенттері үшін ашық есік күнін өткізеді – мұнда клиенттердің құрылыс материалдардың сапасын бағалауға, болашақ көршілерімен танысуға және тікелей құрылысшылармен әңгімелесуге мүмкіндіктері бар.

        Александр Московкин, жоба жетекшісі:

        -         Кешен 12-қабатты үйден және 422 пәтерден тұрады. Үйдің қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлдік, бейнебақылау кешеннің бүкіл аумағын қамтиды және тәулік бойы жұмыс жасайды. Аула көліктерден қоршалған, ал барлық кіреберістерде өрт дабылы орнатылған. Үй фасады ұзақ уақытқа шыдамды фиброцементті панель.

         

        «Аманат» қаланың жоғарғы бөлігінде, Каблуков пен Байқадамов көшелерінің қиылысында орналасқан. Mega ОСО, Тұңғыш Президент саябағы, спорт және медициналық орталықтары үйден бірер қадам жерде.

        Талғат Кубашев, жаңа пәтер иесі:

        -         Үйді таңдауымның себебі, оның орналасқан жері және бағасы болды. Бұл ауданда пәтерлердің бағасы қымбатырақ. Әрине, BI Group компаниясын таңдадым. Енді пәтерімнің кілтін тағатсыздана күтудемін, тезірек жөндеу жұмыстарына кіріссек дейміз.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.