Алматыда белгілі сәулетшінің жобасы бойынша үй салынуда

Алматыдағы
AMIR тұрғын үй кешенінде ашық есік күні өтті.
Мұндай іс-шараларда клиенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, жоба командасымен және
болашақ көршілерімен танысады,
құрылыстың сапасына көз жеткізіп, кері байланыс бере алады.
AMIR ТҮК
– «бизнес» және «бизнес плюс» санатындағы 4 кезектен тұратын жоба. Орналасуы – оның басты артықшылықтарының бірі. Үй экологиялық
таза, тыныш,
қаланың жаңа орталығының жоғарғы бөлігінде бой көтеруде.
Кешенде әр түрлі қабаттағы, кіріктірілген және жеке коммерциялық үй-жайлар бар. Аула аумағының астында
бір деңгейлі жерасты паркингі, ал кешен бойында қонақтарға арналған тұрақ
орындары болады.
Үшінші кезекте жасыл аймақ пен тауға көрініс ашылатын
шатыр жасалады. Мұндай ерекшелік тұрғындар мен олардың қонақтарын бей-жай
қалдырмасы анық. Жаңа тұрғын үй кешенінің төбесінен Алматының әсем тауларын,
сондай-ақ компания салған Радостовец көшесінің бойындағы ұзын саяжолды
тамашалауға болады.
Атақты сәулетші
Нұрлан Камитовтың тұрғын үй кешенге жасаған сәулеті қазіргі заманғы классикалық
тұжырымдамада орындалатын болады. Бұл жоба мәртебесін асқақтататыны сөзсіз. Үйге
желдетілетін фасад орнатылса, бірінші қабаттар табиғи тастармен безендірілетін
болады. Озық салалық стандарттарға сәйкес келетін сенімді техникалық және
инженерлік шешімдер жайлылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.
Жобаны дамыту жөніндегі менеджер Сәбит Ғалымжан үйде өзін
тонуста ұстағысы келетіндерге арналған фитнес-бөлмелер, coworking аймақ, бала арбасын
қоятын орындар мен велотұрақтар қарастырылатынын айтты. AMIR тұрғын үй кешенінің
астыңғы қабаттарында жеке қоймалар болады. Онда пәтерде артық орын алатын
барлық затты сақтау ыңғайлы.
«Тұрғындардың
қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді: кешенде жабық типтегі аула, күзет
пункттері, тәулік бойы жүргізілетін бейнебақылау болады. Бұл ата-аналарға
балаларын аулаға жіберуге және олар үшін алаңдамауға мүмкіндік береді», - дейді
Ғалымжан.
Сондай-ақ, мұнда кореялық Daewoo E&C компаниясымен бірлесіп,
пәтерлердің шудан оқшаулауын жақсартатын Acoustic Pro технологиясы іске
асырылуда.
Бірінші кезектегі пәтер кілттерін беру 2022 жылдың күзіне
жоспарланған. Жылжымайтын мүлікті резервтеу басталды. Толық ақпаратты
компанияның ресми сайтынан https://amir.bi.group/, 360 нөмірі бойынша немесе BI Group сату бөлімдерінен
алуға болады.