BI-дың 80 қызметкері Алматыдағы 2022 марафонына қатысты

        26 қыркүйек 2022


         
        Алматы қаласында өткен жексенбіде жүгіруден Орталық Азиядағы ең ірі жарыс өтіп, оған 12 мыңға жуық адам қатысты.


        Әрине, мұндай ауқымды спорттық іс-шараны әртүрлі турнирлерге, соның ішінде халықаралық IRONMAN жарысына қатысып, өздерін белсенді көрсете білген BI Group қызметкерлерінсіз өткізу мүмкін емес еді. Марафонға 80 әріптесіміз қатысты.
        Алғаш рет Алматы марафоны 2012 жылы өткізіліп, содан бері жыл сайын оңтүстік астананың ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларының, тіпті өзге елдердің де барша спортсүйер қауымын қуантып келеді.


        Биыл қатысушыларға таңдауға ұзақтығы 42,2 шақырым; 21 шақырым; 10 шақырым болатын 3 қашықтық берілді. 


        Алматы K1 HR менеджері Дамира Баяшева байқауға алғаш рет қатысты. Ол бастапқыда 10 шақырым қашықтықты таңдаған.
         «Марафон тамаша өтті, қиындықтар болды деп айта алмаймын. Мен марафонға алдын ала бір ай бұрын дайындала бастадым, шыдамдылығымды арттырдым, бұл маған көмегін берді! Жарыстың ең қиыны жоғарыға жүгіру», – дейді Дамира.
        Біздің компаниямыздан 42,2 шақырымдық ең жоғарғы қашықтықты жүгіріп өткен жалғыз қатысушы учаске бригадирі Спандияр Сұлтанбек болды.
         
        «Бұл менің BI Group қызметкері ретінде бірінші жүгіруім, компанияда 3 жылдан бері жұмыс істеймін. Мен марафонға еш дайындықсыз қатыстым, себебі таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істегендіктен, уақытым болмады. Жарыс кезінде тек тау бөктерінде ғана қиындықтар туындады, әйтпесе бәрі ойдағыдай өтті», - дейді Сұлтанбек.


        Марафонды Алматыдағы K1 басқармасының жобалар жөніндегі директоры Жангелді Асмиев қолына компаниямыздың жалауын ұстап бастады, осылайша BI Group компаниясының Алматыдағы алғашқы бигвилі – Arena Park-пен жұртшылықты таныстырып өтті.


        Бигвилльді  дамыған инфрақұрылымы, демалыс, жұмыс, оқу және белсенді өмір салты үшін бірегей аймақтары бар үлкен абаттандырылған аумақта тұрудың жаңа тұжырымдамасы, қала ішіндегі қала деуге болады. Бигвилльдер өздерін Астана, Шымкент және Атырау қалаларында баспана таңдауға тамаша орын ретінде таныта білді.
         
        Жаңа жоба Алатау ауданына қарасты Бауыржан Момышұлы, Мөңке би, Оңғарсынова көшелері мен Рысқұлов даңғылы қиылысында орналасатын болады.
        Үш мектеп, қалалық және аудандағы саябақ, тақырыптық саябақ, емхана, полиция бекеттері – мұның бәрі Arena Park бигвилінің аумағында болады.


        Алматыдағы алғашқы бигвилль туралы мәліметтерді мына жерден таба аласыздар: https://bi.group/kz/perspective/arena-park



        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.