Кілттер өткен күн еншісінде қала ма? "Арнау-11" электронды құлыптары бар комфорт санатындағы алғашқы үй

Танымал "Арнау" тұрғын үй кешені тағы бір кезекпен толығып, 234
пәтерлі кірпіш үй тұрғындар игілігіне тапсырылды. Әрбір алаңда 3-тен 5-ке дейін
пәтер орналасқан. Жалпы, алдыңғы кезектердің жалғасы болып табылатын бұл кезектің өзіндік жаңалығы
бар. Комфорт санатындағы
кешенде алғаш рет электронды құлыптар қолданылды. Бұрын мұндай функция тек
бизнес және премиум санатындағы объектілерде ғана қарастырылатын. Үйге код теру
немесе механикалық кілтті қолдану арқылы кіруге болады. Айта кетейік, пандемия
мен екі карантиндік режим кешеннің тапсырылу мерзіміне әсер етті.
"Шет елден
келетін материалдың кешігуі, кейбір жұмыстарға тосқауыл болды. Сондай-ақ ұжымның
бір бөлігі ауырып қалды. Клиенттердің көпшілігі бұл жағдайға түсіністікпен
қарады", - дейді жоба жетекшісі Виктор Подгатец.
Үй маңында екі
мемлекеттік балабақшаның құрылысы қарастырылған. Қаланың оң және сол жақ
жағалауын біріктеретін Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпір ел игілігіне
берілсе, аталмыш ауданның болашағы зор болмақ. Кешенде сатылмаған тұрақ
орындары, қоймалар және бір бөлмелі пәтерлер бар. Толығырақ біздің сату
бөлімдерінен немесе 360 нөмірінен білуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу
тегін.