Еліміздің бас бульвары «Нұржол» ұзартылып, жаңа келбетке ие болады

Жалпы көлемі 100 гектарға жуық аумақты кешенді игерумен танымал BI Group және Nova City компаниялары айналысады. Green Line - тек тұрғын үйлер мен кеңселер ғана емес, жақсы тұрмыс пен демалыс үшін барлық қажетті инфрақұрылымы салынатын елордамыздағы алғашқы жоба болмақ.
«Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының артқы жағында,
Қ.Мұхамедханов, Е-305, Е-10 көшелері мен Тұран даңғылының квадратында
орналасқан жаңа аудан - Green Line
деп бекерден-бекер аталмады. Аты айтып тұрғандай, 219 мың шаршы метр жер
көгалдандырылады. Бұл жерде 12 000 пәтерлі тұрғын үйлер, екі мектеп және
екі саябақ салынады, 10 шақырым вело-жол төселеді, одан бөлек серуендеуге
арналған аллеялар қарастырылған. Іс жүзінде бұл аудан күннен-күнге қарқынды
түрде дамып келеді. Мұнда еліміздің ірі компаниялары - «Самұрық-Қазына» мен «Қазатомпромның»
бас кеңселері орналасқан. Одан қалды, жасанды көлі бар «Зеленый квартал», шығыс
стиліндегі BI City Seoul мен BI City Tokyo және басқа да заманауи тұрғын үй
кешендері салынып, пайдалануға берілген.
Барлығы үйден бірер қадам жерде
Green Line – тек тұрғын үй ғимараттарын ғана емес,
тұрғындардың күнделікті тұрмысына қажетті барлық инфрақұрылымды қамтиды. Жобалардың
бір бөлігі іске асырылды. Green Mall сауда орталығының бірінші кезегі ашылды. Magnum
супермаркеті, Invictus фитнес-клубы, түрлі бутиктер мен тамақтану орындары
жұмыс істеп тұр. Қоғамның белсенді бөлігі үшін кешкі демалыс орны болатын
қызықты фуд-жобаны іске асыру жоспарда бар. Green Mall-дың екінші кезегінде
кинотеатр қарастырылған, қазір ол салынып жатыр. Біз, барлық көрермендер
сияқты, жақында қайтадан киноға бара аламыз деп үміттенеміз.
Аумақта 2 мектеп салынады. Атап айтқанда, математика мен
ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 1000 орынды оқу орны келесі жылы салынбақ. Қазір
«Зеленый квартал» тұрғындарына дүкенге бару немесе залда жаттығу үшін төменгі
қабатқа түссе жеткілікті. Жақын арада мектепке және басқа нысандарға бару да
жеңілдей түспек.
Nova City жаңа деңгейге шықты
Бұл ауданда Nova City компаниясы өзінің комфорт
санатындағы алғашқы жобасы - Aru Qala тұрғын үй кешенін тұрғызады. Тұрғын үй «комфорт»
санатына жатқанымен, «бизнес» санатының элеметтеріне ие. Атап айтқанда, пәтер
қабырғасының биіктігі 3 метр, әр қабатындағы пәтер саны бесеуден аспайды, жабық
әрі қауіпсіз аула, үлкейтілген терезелер. Бастысы, құрылыс кезінде Nova City-ді
ерекшелейтін барлық жоғары сапа стандарттары мен техникалық шешімдер сақталатын
болады.
Бұл компанияның кірпіштен қаланатын бірінші үйі. Ғимарат
сәулеті ұлттық ою-өрнек элементтерімен заманауи стильде жасалады. Клиенттер
бірден сапалы және инфрақұрылымы қалыптасқан тұрғын үйге қол жеткізеді.
Осылайша Нұржол бульварының жалғасы жаңа келбетке ие
болады, мұнда әсіресе көгалдандырылуға баса назар аударылады. Green Line жақын
болашақта жайлы өмірдің символына, елорданың жаңа заманауи және жасыл ауданына айналады.