«Жұлдызай» таланттар фестивалінің ерекше балалары қазақстандықтарды таң қалдырды

1 маусымда Астанада 18-ші «Жұлдызай» фестивалінің Гала-концерті өтті, онда ерекше балалар шексіз мүмкіндіктерін паш етіп, өздерін нағыз жұлдыз сезіндім. Жас таланттардың өнері «Хабар» арнасының тікелей эфирінде көрсетілді.
Фестиваль 4 номинация бойынша өтті: «Вокал», «Хореография»,
«Ыммен ән айту» және «Инструменталды орындау».
Гала-концерт тек ерекше мереке болып қоймай, белсенділіктері, соның ішінде, әлеуметтік стереотиптер себебінен шектелген балалардың шығармашылығын дамытудың тағы бір баспалдағына айналды,
Финалдық турға 550 бала қатысты, оның 190-ы лауреат атанып, елордалық үлкен сахнада өнер көрсетті. Қатысушыларды қазақстандық эстрада әртістері қолдады.
9 финалист бірінші орынға ие болды, олардың арасында бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Атырау облысының Гран-при иегері Ақерке Түгелбай анықталды. Ол 13 жаста. Жеңімпаз үшін бас жүлде - 500 мың теңге.
«Мен ән айтқанды жақсы көремін және әр жолы «Жұлдызайды» асыға күтемін. Бұл менің осы байқауға үшінші рет қатысуым. «Жұлдызай» маған көптеген достар сыйлады, оның арқасында Астанадағы көп орындарға бардым. Барлық ұйымдастырушыларға рахмет айтамын», - дейді Акерке.
Үздік 9 нөмірдің бірін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданынан келген 13 жасар Ясмин Рысқұл орындады.
«Мен «Хореография» номинациясында бірінші орынға ие болдым және бұл жаңалықты білгенде қатты қуандым. Астанада Бәйтеректі көріп, басқа да көрікті жерлерге барып, жаңа достар таптым», - деп бөлісті.
Фестиваль дарынды мектеп оқушысын жігерленуге және сенімділікке ие болуға көмектесті, өйткені мұнда ол алғаш рет есту аппараттары бар балаларды көрді, ыммен сөйлесіп, достасты. Бұрын Ясмин тек өзі ғана осындай деп ойлайтын еді.
Фестивальді «Жұлдызай» Корпоративтік қоры ұйымдастырды, бас серіктес - BI Group құрылыс холдингі. Бас ақпараттық серіктес – «Хабар» телеарнасы.