Астанада BI Group қызметкерлері бала өмірін арашалап қалды
«Лазурный квартал» ТК-де болған өрт кезінде компания өкілдері өрт сөндіру көлігіне кедергі жасаған көлікті шетке шықарып, өз өмірлеріне төнер қауіпке қарамай, өрт шалған пәтерге арнайы киімсіз, құралдарсыз кіріп, кішкентай қызды құтқарып алды. Екінші баланы өрт сөндіруші құтқарды. Қайғылы оқиғаның алдын алуға «ақаусыз» жұмыс жасап тұрған өрт сөндіру жүйесі де көмектесті.
10-қабатта орналасқан пәтерде өрт шамамен таңғы сағат 10:30-да басталған. Балаларға қарап отырған әйел дүкенге шығып кеткенде өрт тұтанған. Өрт кезінде, барлық өрт сөндіру құралдары қосылған: дабыл, түтін шығару жүйелері қосылып, лифт тоқтап, электр энергиясы сөндірілген. Осы тұста АЖС НС қызмет көрсететін ұйымының қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын атап өту керек. Олар бірлесіп, өрт сөндірушілерге кедергі жасаған көлікті шетке шығарып, қалған сантехник Мұрат Тоқпаев және электрик Мұрат Жолаев балаларды құтқаруға жүгірген. Пәтердің бірінші есігін ТЖД қызметкерлері сындырса, ал екінші есікті осы уақытта үйге оралған әйел ашқан. Арнайы жарақсыз отпен түтін құшағында қалған пәтерге кіріп кішкентай қызды аман алып қалған.
- Ондағы айқайдың қатты болғаны соншалық, еш ойланбастан кіре жөнелдім. Есімді жоғалтып алған жағдайда қасымдағы серігім болды. Қыз болса жанып жатқан көрпенің астына тығылыпты. Оның жағдайы жақсы, тек қана шашы күйіп қалған,- деп Мұрат Тоқпаев болған жағдайды айтып берді. Бұл тұлға компаниямызда 5 жылдан артық жұмыс жасауда, бос уақытында самбомен айналысады. Балконда тығылған кішкентай баланы өрт сөндіруші құтқарды. Қазіргі уақытта ТЖ себептері анықталуда. Тұрғын үйдің барлық жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Өртенген пәтердің төрт балалы отбасына көршілері және жанашыр жандар көмек беруде. Оқиға орынында арнайы топ жұмыс жасауда, өрт себептері анықталуда.