Үй 9 және 18 қабатты, 6 кіреберіс, 396-дан астам пәтер. Кешен қаламыздың таңдаулы ауданында орналасқан. Бұл ауданның беделін көтеретін Оқушылар сарайы, Astana Mall, Еуразия Ұлттық университеті, «Алатау» мен «Қазақстан» спорт кешендері, мектеп, супермаркет, балабақша жақын жерде.
Астанада нағыз "отбасылық" тұрғын үй кешеннің тұсаукесері өтті
Орналасқан жерінің ыңғайлылығы соншалықты, сол жағалауға, оң жағалауға да тез жетуге болады. Жоба жетекшісі Айдан Нарымбаев үйдің уақытынан 4 ай бұрын тапсырылғанын айтты.
Көптеген тұрғындардың қуанышына орай, көптен көптен күткен пәтерлерінде Жаңа жылды қарсы алу үшін жөндеу жұмыстарын жасауға бір айдан көп уақыт бар! Десе де, кейбір тұрғындар көшуге асығар емес. Осы қоныстойда біз Игорь, Елена Богашевтар жанұясымен танысып, пікір алмастық. Жас отбасы үш бөлмелі пәтер сатып алған:
- Өзіміз басқа компаниядан бір бөлмелі пәтер алып, үш жыл күткеніміз бар. Әрине, өкінішті. Ал BI Group ақшамызды салғаннан кейін, 1 жыл өткен соң тапсырды. Оның үстіне, уақытынан бұрын! Көшуге әзір асықпаймыз, дизайнын ойластырамыз.
Ал қоныстойға Қайыргелді мен Елена жанұясының «толық құрамымен» келіпті, яғни төрт кішкентай ұлдарымен. Осындай үлкен отбасы үшін бірден екі пәтер сатып алдық, оны біріктіргенде кең бес бөлмелі пәтер болып шыға келді! Үйді таңдағанда екі нәрсеге назар аудардық – құрылыс сапасы мен оның орналасқан жері.
Құрметті тұрғындар қоныстойларыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыз бақытқа толы болсын!