Астанада жаңа жыл қарсаңында тағы бір тұрғын үй кешен тапсырылды

        30 желтоқсан 2017

        "Арнау-10" тұрғын үй кешенінің болашақ тұрғындары үшін бүгін ерекше күн: жаңа жыл алдындағы керемет көңіл-күй, көптен күткен үйлерінің тұсаукесері.
        "Арнау" тұрғын үй кварталы жеті, сегіз жəне тоғыз қабатты комфорт-санаттағы 15 үйден тұрады. Сыртқы қабырғаның негізгі материалы - кірпіш, экологиялық таза KeraTwin, Argeton керамикалық плиткасы мен табиғи гранитпен қапталған.
        "Құрылысшылар бұл үй сапалы əрі əдемі болуы үшін бар күштерін салды. Біздің компанияға сенім артқан клиенттерге үлкен рахмет. Үйді 12 айда тұрғыздық.
        Бұрын бұл көп уақытты алатын, ал қазір біз құрылысты оңтайландырудың арқасында үйді тез əрі сапалы салудамыз. Тұрғындар үшін "Арнау-10" символы ретінде мультфильмдегі Леопольд мысығы мен екі тышқанның мүсінін орнаттық. Əрине, əрқашан тату өмір сүрудің нышаны ретінде..", - дейді учаске бастығы Бат Кокымбаев.
        Қоныстойға Парахат Ермекова жанұясымен келіпті. Жаңа пəтер иесі өкінішке орай, Жаңа жылға дейін жөндеу жұмыстарын жасап үлгермейтінін айтты, алайда өзіміздің жаңа жылымыз Наурыз мейрамын жаңа үйлерінде қарсы алатынына сенімді.
        Жанар Бубербаева:
        "BI Group-тың қоныстойына осымен екінші рет қатысып отырмын. Əрдайым барлығы жақсы деңгейде ұйымдастырылады. Үй бізге ұнады, кірпіштен қаланған.. BI Group компаниясының жетістіктері үшін біз əрқашан қуанамыз, алдағы жыл сіздер үшін табысты болсын", - дейді қуаныш иесі. Құрметті тұрғындар, жаңа қоныстарыңыз, құтты болсын! Жаңа жыл отбасыңыз үшін жағымды жаңалықтарға толы болсын!

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.