Астанада қоқыстан түскен қаражат үй қажеттіліктеріне жұмсалады

        5 ақпан 2018

        Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату елордамызда әлдеқашан енгізілген-ді. Алайда оған қолданылған пластикалық контейнерлер ұзаққа шыдамады, оның үстінде адамдар оған кез келген қоқысты лақтыруды шығарды.

        Өйткені қала тұрғындарының оған деген ынталары болмады, дейді BI Lab ресурс үнемдеу және экология орталығының кураторы Валерия Те.

        ​ Осы жолы алғашқы тәжірибемізде жіберген қателіктерімізді ескеруді шештік.

        Енді темірден жасалған контейнерлерді қойдық, олар бөтелке, бес литрлі бөтелкелерді, тіпті қағаздарды тастауға ыңғайлы етіп жасалған. Ең бастысы, бұл тұрмыстық қалдықтарды сатып алатын компаниямен меморандум жасадық. Барлық түскен қаражат үйдің қажеттіліктеріне жұмсалады, дейді Валерия.

         

        Одан түскен сома қанша екені белгісіз. Қандай көлемде болатыны туралы да ешкім бөліп-жарып айта алмайды. Есесіне «Парк Авеню» тұрғын үй кешені 1-кезегінің тұрғындары қалдықтардың жерде ұзақ уақыт жатпайтынына, керісінше үйдің нақты қажеттіліктеріне жұмсалатынына сенімді.

        Мәселен, пластик ұсақ түйіршектерге дейін ұсақталады, одан пластикалық бөтелкелер жасалса, полиэтилен пластикалық шелектер болып қайта өңделеді, ал макулатура – дәретхана қағазы.

        Жұмыс нәтижесін беретін болса, компания бұл жобаны барлық объектілерінде енгізуге дайын.

        Цифрлар мен фактілер:

         

        Жыл сайын адам 500 кг қалдық тастайды.

        70 жылда бұл - 35 тонна.

        Қазақстанда жыл сайын 5-6 миллион қатты тұрмыстық қалдық бөлінеді, оның 2%-ға жуығы қайта өңделеді.

        Бір киллограм макулатура 20 литр суды үнемдейді.

        Бір тонна макулатура 10 ағашты құтқарады.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.