Алматыда BI Group компаниясының жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

        19 қаңтар 2021

        Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан жаңа ғимараттар картасында BI Group компаниясының Asyl Tobe тұрғын үй кешені пайда болды. Тұрғын үй кешені ыңғайлы жерде орналасуымен, дамыған инфрақұрылымымен, қауіпсіз ауласы және әдемі дизайнымен ерекшеленеді. Үйдің артықшылықтары бұлар ғана емес.

         140 отбасы жаңа үйге қоныстанатын болады. Егізбаев көшесінде бой көтерген кешен 9 және 12 қабатты екі ғимараттан тұрады. Тұрғындар оның орналасқан жерінің барлық артықшылықтарын сөзсіз бағалайтын болады. Дәл қасында ADK сауда орталығы, Гагарин көшесінің бойында жаяу жүретін аллея, Almaty Management University, М.Әуезов атындағы академиялық театр, сонымен қатар мектептер мен балабақшалар орналасқан. Солай бола тұра, жақын маңдағы көшелер мен магистральдар шулы емес. Келесі жылы бұл жерде  BI Group компаниясының тағы бір кешені - Ala Park тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

         «Біз кешеннің стилі туралы ойластырған кезде туған жердің табиғатын, керемет тауларымызды сүйетін алматылықтардың менталитетінен шабыт алдық. Бұлар – еркіндікті сүйетін, өздеріне шектеу қоймайтын шығармашыл адамдар. Сондықтан ландшафттық дизайн бесік арбалармен серуендеуге, қозғалысы шектеулі адамдарға өте ыңғайлы, жиектас қойылмаған аула тұжырымдамасына негізделген. Егер кешеннің басқа ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, қауіпсіздікті арттыру үшін әр пәтерге IP домофоны мен электронды құлып орнатылады. Аула апаттық құтқару қызметіндегі көліктерден басқа көліктер үшін жабық болады. Кешен аумағында тәулік бойы бейнебақылау және күзет бекеті болады», - дейді жобаны дамыту жөніндегі менеджер Шамиль Галиев.

        Жаңа кешеннің әр қабатында 4-5 пәтерден орналасқан. Пәтер қабырғаларының биіктігі - 2,7 метр, ал бірінші және соңғы қабаттарда - 3 метр. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 63 көлікке арналған екі деңгейлі жерасты тұрағы бар. Сонымен қатар үйде 12 кеңсе бөлмесі орналасқан.

        Жоба тобы Егізбаев пен Тұрғұт Озал көшелерін жалғайтын кешенге жақын жолды да абаттандырды. Мұнда жаяу жүргіншілер жолы мен қосымша автотұрақтар пайда болды, сондықтан бұл жерде кептеліске байланысты мәселелер болмайды. Бас инженер Әліби Сатулла өтпелі жолдардың болуын жобаның тағы бір ерекшелігі деп атап өтті. Осының арқасында кешен аумағына аула жағынан да, көше жағынан да кіруге болады.

         Бірегей дизайн, жарқыраған әдемі түстер – бұның барлығы Asyl Tobe туралы. Жобаның рендерден еш айырмашылығы жоқ, пандемияға және онымен байланысты шектеулерге қарамастан, дер мезгілінде тапсырылды. Қазіргі уақытта Asyl Tobe кешеніндегі барлық пәтер сатылып кетті, клиенттер 19 қаңтардан бастап кілттерін ала алады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.