Алматыда 263 отбасы BI Group компаниясының пәтерлеріне ие болды
26 қараша 2019

Алматыда 263 отбасы BI Group компаниясының пәтерлеріне ие болды
Розыбакиев және Байқадамов көшелерінің қиылысында орналасқан Бостандық ауданындағы Atameken тұрғын үй кешенінің терезесінен Іле Алатауына керемет көрініс ашылады. Тұрғындар үшін Жаңа жылға басты сыйлық - кешеннің уақытынан ерте пайдалануға берілуі болды. Қоныс иелерінің қуанышты салтанатын BI Development Almaty басшысы Айдос Мұқатаев ашып берді.
«Бүгін BI Group жанұясы кеңейе түсті. 14 ай бойы жобаның командасы кешенді қолданысқа беру жолында еңбек етті. Әрбір клиентке жасаған таңдауы мен бізге артқан сенімі үшін алғыс айтамыз. Пәтер сатып алу – әрбір адамның өміріндегі маңызды қадам. Біз өмірлеріңізді BI Group компаниясымен байланыстырғандарыңызға бек қуаныштымыз», - деді А.Мұқатаев.
Сонымен қатар, шараны би мен жанды дауыстағы ән, тұрмыстық техника үйлестірілетін сертификаттар ұтыстары жандандыра түсті. Дәстүр бойынша жаңа үйдің ақсақалы өз батасын берді. Сондай-ақ, тұрғындарды жаңа қоныспен құттықтап, өз ниетін жобаның жетекшісі Дулат Елубаев та білдірді.
«Atameken тұрғын үй кешені 12 қабаттан тұратын 2 үйді қамтиды. Пәтерлердің төбе биіктігі 3 метр. Аулада балаларға арналған және workout алаңдар бар. Шағын сәулет нысандары ерекше көңіл күй сыйлап, үйдің нышанына айналды. Тұрғындардың қолайлығы үшін екідеңгейлі паркинг қарастырылған. Қауіпсіздік мақсатында аулаға жедел қызмет көліктерінен өзге автокөліктерді кіргізуге рұқсат етілмейді. Аймақта тәулік бойы бейнебақылау жұмыс істейді. Үйлердің қасбеті табиғи тастан – травертин мен граниттен соғылды. Бұл үйдің сыртқы пішінін де әрлеп тұрады», - деді ол.
Тұрғындардың ішінде BI Group-тың жылжымайтын мүлкін бірнеше мәрте иеленіп отырғандар мен алғаш алып отырғандар да бар. Барлық тұрғындарды біріктіретін құндылықтардың бірі – ол шаршы метрлер ғана емес, жайлылық пен қауіпсіздік.
«Бұл менің BI Group-тан алып отырған алғашқы мүлкім. 5 жыл бойы пәтер іздедім, бірақ, таба алмадым. Ұсыныстар бойынша сіздердің компанияларыңызға келіп Atameken ТК-ден баспана алдым. Шынымды айтсам, күткенімнен әлдеқайда жақсы әсер алып отырмын. Аула мен үйдің қасбеті толық көңілімнен шықты. Мереке де ойдағыдай өтті. Мен баршаңыздың осы үйде берекелі болып, қоныстарыңыз ұзақ жылдарға созылғанын қалаймын», - деді Atameken ТК-де қоныс тойын мерекелеген Светлана Пак.
Айта кетейік, кешеннің сейсмикалық қауіпсіздігіне баса назар аударылды. Ғимаратты әзірлеумен және авторлық қадағалаумен ТМД елдерінде танымал, құрылыс саласындағы жетекші мекеме - Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) айналысты. Өз кезегінде, BI Group командасы қоныстанушыларға жаңа үйде ырыс пен берекеге кенелуді тілейді!