Бұрынғы дипломатиялық қалашықтың орнына алғашқы тұрғын үй кешені салынды

Atlant – астананың сол жағалауының дәл орталығындағы жаңа квартал. Дәл жанында әкімшілік және іскерлік ғимараттар, Keruen, «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталықтары мен Қазмедиа орталығы орналасқан. Жаңа ғимараттың орналасқан жерінен басқа да артықшылықтары жетерлік.
Оның авторларын кварталды салу кезінде ежелгі грек кейіпкері Атлант туралы идея мен 20-ғасырдың 50 жылдарындағы АҚШ сәулеті шабыттандырған екен. Дәл сол жылдары Айн Рэндтің «Атлант қанатын кеңге жайды» деген әйгілі бестселлері шыққандығын білеміз. Тұрғын үй кешені, шын мәнінде, монументалды, көз қызықтырарлықтай әрі қарапайым болып шықты. Өзінің жаяу жүргіншілер бульварында мифтік кейіпкердің мүсіні, ал ішінде, кіреберістерде барельефі орналасқан.
Алғашқы екі қабаттың сыртқы беті граниттен, одан жоғары қабаттарда австриялық жетекші өндірушінің HPL панельдерінен жасалған. Материалдар беріктігімен, экологиялық тазалығымен және біздің күрт құбылмалы ауа райына шыдамдылығымен ерекшеленеді.
Пәтерлердегі төбелердің биіктігі 3 метрді, төменгі және жоғарғы қабаттарда 3,3 метрді құрайды. Биіктігі 2,7 метр болатын панорамалық терезелерден күні бойына күннің шуағы төгіліп тұрады. Үйдегі жылу үшін радиаторларды өндірудің әлем бойынша көшбасшысы немістің Kermi-і жауап береді.
Екідеңгейлі көлік тұрағы 200 орынға есептелген. Аулаға ерекше назар аударылған. Мұнда спорт саласындағы көшбасшылардың бірі Foreman спорт тренажерлері орнатылды. Балалар даниялық Kompan ұсынған ерекше алаңқайларда ойнайтын болады. Футбол алаңын әмбебап етіп жасадық, қыста онда хоккей ойнауға болады!
Көлік тұрағының үстіне отырғызылған үлкен шыршалар көлеңкесін түсіріп тұрады.
«Атлант» кварталдар кешені ретінде құрылған, сондықтан үйдің ішінде көптеген инфрақұрылым бар. Мысалы, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын бөлмесі тек соларға ғана емес, ересектердің көршілерімен немесе қонақтарымен бірге аэрохоккей ойнауына да арналған.
Салауатты өмір салтын ұстанатындар әртүрлі жабдықтармен және құрылғылармен жабдықталған фитнес бөлмесін ерекше бағалайды деп ойлаймыз. Күйзелісті боксшыға арналған тұлыптың көмегімен шығаруға болады.
19-қабатта орналасқан қонақбөлмесі – кешендегі ең жақсы орын болмақ. Бұл жерден елорданың керемет бейнесі анық көрінеді.
Күні кеше 262 отбасы жаңа салынған үйлерінің кілтін алды.
- Біз кешенді желтоқсан айында тапсырамыз деп жоспарлағанбыз, алайда бүкіл әлемді жайлаған індет біздің де жоспарымызға нұқсанын тигізді. Мысалы, Германиядан келетін алюминий профильдерін өте ұзақ уақыт күттік. Оларсыз біз терезе саңылауларын жаба алмаймыз, сондықтан тұтастырғыш жұмыстары мен басқа да ішкі жұмыстарды істей алмадық. Клиенттеріміз бұл жағдайға түсіністікпен қарады, - дейді жобаның бас инженері Сәуле Бегалина.
Сәуір айында командамыз қосымша көгалдандыру жұмыстары үшін жобаға қайта оралады.
Бірінші және екінші кезекте тапсырылған үйлерде үш бөлмелі екі пәтер мен автотұрақ қалды. Десе де, Atlant тұрғын үй кешені 6 кезекте өткізіледі, сондықтан көптеген адамның жаңа құрылыстан пәтер сатып алуға мүмкіндіктері бар!
Толығырақ BI Group-тың сату бөлімдерінен біле аласыздар.