BI Development өтімділікті басқару бағдарламасы AIX биржасында тіркелді

BI Development компаниясының құнды қағаздарының бірінші
эмиссиясы өтімділікті басқару бағдарламасы аясында AIX биржасында тіркеліп, жарияланды.
Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларыны4 бірі BI
Development биржада өзінің өтімділікті басқару бағдарламасын тіркеді. Бұл AIX-тің
жаңа өнімі және BI Development бұл құралды бірінші болып қолданды. Бағдарлама
компаниялар тобына (холдингке) біріктірілген бірнеше мүшені қамтиды және
олардың кез-келгеніне бірнеше күн ішінде борыштық құралдарды шығаруға және
орналастыруға мүмкіндік береді.
Әсел Мұқажанова, AIX басқарма төрайымының міндетін атқарушы:
"Клиентке бағдар - бұл AIX компаниясының негізгі принциптерінің бірі, ал өтімділікті басқару бағдарламасы — бұл бизнестің сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасалған өнім. Біз күш-жігеріміздің нақты нәтижелер көрсетіп жатқанынан қуаныштымыз және BI Development осы құралды пайдалануда ізашар болғанына қуаныштымыз. Мен BI-лық серіктестерімізге кәсібилігі мен тиімді іс атқарғандары үшін алғыс айтқым келеді. Біз басқа клиенттердің бағдарламаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын байқап жатырмыз және нарыққа жаңа бизнес шешімдері мен өнімдер ұсынуды жоспарлап отырмыз".
Руслан Ембергенов, BI Development қаржы директоры:
"Біздің компанияның облигациялардың өтімділігін басқарудың 10 жылдық бағдарламасы аясында AIX-ке жарияланғанымызды қуанышпен хабарлаймын. Біз шығындарды азайта отырып, бағалы қағаздарды шығару процесін жеделдететін компаниялары Тобы үшін арнайы бағдарлама әзірлеу үшін қызметке жүгіндік. Бұл талабымызды AIX компаниясынан серіктестеріміз жүзеге асырды. Жедел және сапалы атқарылған жұмыс үшін биржа командасына алғыс айтамын. Біз бір облигацияның ең аз сомасы 100 мың долларды құрайтын ішкі және сыртқы инвесторларға қарыздар ұсынамыз. Бағдарлама нарық қатысушылары арасында жоғары қызығушылық тудыратынына сенімдімін. Бұған дейін BI бірнеше рет Astana International Exchange биржасында бағалы қағаздар шығарды және инвесторлар алдындағы міндеттемелерді сәтті жапты. Биржа бағдарламаларына қатысу біздің бизнесімізді кеңейтуге, жобалар портфелін ұлғайтуға және үздік қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеді".
Анықтама:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды.
AIX акционерлері - АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және NASDAQ, ол
сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығы
қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады,
осылайша инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді.
AIX миссиясы - жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыруды тарту
үшін нақты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан мен өңірде
капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары
үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу-бір жол» бастамасы шеңберінде
инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және
жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын
дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы
бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
BI Development - BI Group компаниялар тобына енетін қазақстандық ірі девелопер. Құрылыс холдингі - ENR Top-250 Global Constractors беделді халықаралық рейтингіне кіретін еліміздегі бірінші және жалғыз құрылыс компаниясы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 194-ші орынға жайғасқан. 28 жылға жуық қызмет барысында BI Development 300 мың қазақстандық үшін 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салды.