«Қазақстанның құрметті азаматы» атағына 2500-ден астам адам үміткер атанды!

        24 ақпан 2021

        Қазақстандықтар «Құрметті азамат» байқауына қатысуға екі жарым мыңнан астам үміткер ұсынды.

        BI Group құрылыс холдингі елімізде «Қазақстанның құрметті азаматы» жобасын жүргізіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.  Жеңімпаздарға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан пәтер сыйға беріледі.  Байқау Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен құрылыс холдингінің 25 жылдығына орай Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілетін болады.  Ақпараттық серіктес - Nur.kz сайты. 

        Кеше жобаның Инстаграм әлеуметтік желісінде үміткерлерді ұсыну бойынша бірінші кезеңі аяқталды. Әрбір қолданушы өзінің жазбасында #biгражданин және #biaзамат хэштегтерімен лайықты азаматты үміткер ретінде ұсына алады.

        Адамдардың ғажайып өмір жолы, жанқиярлық ерліктері, мейірімділік пен қаһармандық үлгілері ... Бұлар біздің Отанымыздың түкпір-түкпірінен шыққан әртүрлі мамандық пен жастағы адамдар болса да, оларды басқалардың өмірін жақсарту ниеті біріктіреді.

        «Біз осыншама өтінім қабылдаймыз деп ойлаған жоқпыз! Әртүрлі өмір тарихын оқығаннан кейін біздің азаматтардың қаншама жанқиярлық әрекеттерге баратыны таңғалдырды.  Олардың көпшілігінің жасаған істері жоғары атақтар мен ордендерге әбден лайық, алайда бұл адамдар сыйлық үшін емес, жүректің бұйрығымен жұмыс істейді. Кейбір кейіпкерлеріміз жалдамалы пәтерлерде тұрады әрі табыстары да төмен.  Бұлар, шын мәнінде, өз өмірлерін өзге адамдарға қызмет етуге арнаған адамдар», - деп атап өтті байқау ұйымдастырушылары.

         Әділ қазылар алқасы - Қазақстандағы танымал қайырымдылық ұйымының өкілдері, ұсынылғандардың ішінен тек 10 үміткер кіретін қысқа тізімді анықтайды.  Сарапшылар үміткерлердің өмір тарихымен танысып, 3 наурызға дейін өз таңдауларын жасайтын болады.  Содан кейін үміткерлер жалпыхалықтық SMS-дауыс беруге жіберіледі. Ең жоғары дауыс жинаған екі жеңімпазды қазақстандықтардың өздері анықтайтын болады!

        27 наурызда екі жеңімпазға Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан пәтер табысталады.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.