Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы Жапонияның бір бөлігі

        21 тамыз 2020

        Елордада Токионың тағы бір бұрышы пайда болды. Бір кездері BI City Tokyo тұрғын үй кешенінің бірінші кезегіндегі Хатико композициясы әлеуметтік желіні біраз шулатқан еді. Ал бұл жолы жоба командасы пайдалы нәрселерге көбірек назар аударды.  

        Екі карантин экономиканың барлық салаларына әсер етті. Құрылыс та одан тыс қалған жоқ. Пандемиядан туындаған жағдайлар нысандарды салу қарқыны мен мерзіміне әсер етті. Көптеген жұмысшылар қала ішінде қозғалу шектеулеріне, сондай-ақ Нұр-Сұлтанға кіру мәселесіне  тап болды. Осыған ұқсас себептерге байланысты құрылыс материалдарын жеткізушілер қоймадағы қорларын кешіктіріп жеткізіп, өндірісті ішінара немесе толығымен тоқтата тұруға мәжбүр болды. Жоба командасы осы туындаған мәселелерге байланысты аталмыш кезекті бір айдан астам уақытқа кешігіп тапсырды. Клиенттердің дені жағдайға түсіністікпен қарады.

        Екінші кезек біріншісінен еш ерекшеленбейді. Төбе қабырғалары 3 метр болатын 12 қабатты, бизнес санатындағы кешенге панорамалық терезелер орнатылған. Соның арқасында бөлмелер кең, әрі жарық көрінеді. Үйдегі тыныштықты сақтау үшін «қабырғадағы қабырға» технологиясы қолданылған. Ал «Акуфлекс» дыбыс өткізбейтін материалы жоғарыдан естілетін шуды азайтуға көмектеседі. Астананың күрт континентальды климатына төзімді фасад  HPL панельдерінен жасалған. Ал бес түрлі түстің үйлесімі тіпті бұлтты күндері де керемет көңіл-күй сыйлайды.

        Жаңа технологиялар мен материалдар саны күн санап өсіп, қарыштап дамуда. Ал біздің компания әрдайым оларды өз жобаларына енгізуге тырысады. Бұл үйде төрт деңгейлі Kaadas фирмасының электромеханикалық құлыптары орнатылған. Дәстүрлі қолданылатын кілттен бөлек, мұнда картаны, кодты немесе саусақ ізін пайдалана отырып есікті ашуға болады. Бұл екі кезектің жалғыз айырмашылығы. BI City Tokyo 2-де күншығыс елінің барлық жайлылығын сезінуге болады.

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.