BI City Tokyo тұрғын үй кешенінің жанында жалпы білім беретін мектеп салынады.

24 шілдеде жапон стилінде салынған үйдің үшінші кезегінің тұрғындарына пәтерлердің чип-кілттері табысталды.
Бигвилль GreenLine - елордадағы ең қызықты жерлердің бірі. Біріншіден, бұл жер Нұржол бульварының жалғасы болып табылады. Екіншіден, аты айтып тұрғандай, бұл ең жасыл аймақтардың бірі болады. Қазіргі таңда экология тақырыбы, соның ішінде әсіресе қалалар үшін басты мәселеге айналды. Кешенді көгалдандыруға үлкен көңіл бөлінді және осы ретте 99 ағаш пен бұта отырғызылды. Солардың ішінде шырша, дала бадамы, қарақат, таңқурайлар бар. Сонымен қатар аулаға ырғай, тергүл, құлпынай бұталары отырғызылады.
Кешеннің кең ауласы барлық жастағы тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып салынған. Белсенді өмір салтын ұнататындар үшін ашық тренажерлер мен футбол алаңы қарастырылған. Балаларға шағын архитектуралық формалар ұнаса, ересектер күншығыс елінің стилінде жасалған үйшіктерде көршілермен әңгімелесіп, уақытты пайдалы өткізе алады. Дәстүрлі орындықтардың орнына ерекше стильдегі орындықтар орнатылған. Тіпті күзет пункті де Жапон стилінде салынған.
Күн суытқанда тұрғындар play room-да демала алады, онда балалар үшін де, ересектер үшін де қажетті жағдай жасалған. Аталған үйде компанияның соңғы жаңалықтары енгізілген. Acoustic Pro дыбыс оқшаулағыш жүйесі, 4 тәсілмен ашылатын электронды құлыптар. Мысалы, саусақ ізтаңбаларын қолдану арқылы аша аласыздар. Осының арқасында өзіңізбен бірге кілттерді алмасаңыз да болады. Шусыз Hyundai лифттері қозғалыстың жоғары жайлылығымен ерекшеленеді.
Ауданның дамыған инфрақұрылымын да атап өткен жөн. Кешенге қарама-қарсы жерде «Астана Опера» театры, «Хан-Шатыр» және «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталықтары орналасқан. Жақын жерде жалпы білім беретін орта мектеп салу жоспарланған. Толығырақ ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім бөлімінен біле аласыздар.
Кешеннің үшінші кезек сатылымында қоймалар, автотұрақ орындары мен кеңселер бар. Пәтерлер өз иелерін тауып үлгерді. Жобаның төртінші кезегінің сатылымы жақын арада басталады. Толық ақпаратты сату бөлімдерінен немесе 360 нөмірі бойынша ала аласыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.