Өзбекстандық компания BI Group жайлы не ойлайтынын ашық айтты

        12 қараша 2019

        Өзбекстандық компания BI Group жайлы не ойлайтынын ашық айтты

        Өзара серіктестік орнату мақсатында Өзбекстанның Murad Buildings құрылыс компаниясының өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Бұл жолы қонақтар компаниямыздың Алматыдағы құрылыс жобаларын аралап көрді.
        BI Development Almaty директоры Айдос Мукатаев компания қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Дивизион басшысы өз сөзінде, бүгінгі таңда алматылық жобалар холдинг портфелінің 10%-дан астамын құрайтынын және жыл сайын бұл көрсеткіштің өсетінін атап өтті.
        BI Group Өзбекстанда да жобаларды жүзеге асыруда. Бұл туралы жоба директоры Мұхамеджан Әбішев баяндады:
        «Өзбекстанның құрылыс нарығына шығу - BI Group-тың стратегиялық бағыттарының бірі. Ташкенттегі біздің негізгі серіктесіміз Murad Buildings болды, ол нарықта 15 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Өзбекстанның өз ерекшеліктері бар, мәселен оның көп бөлігі сейсмикалық ауданда орналасқан. Осыған байланысты екі көшбасшы компанияның күш-жігерін біріктіру маңызды деп санаймыз».
        Мурад Назаров, Murad Buildings:
        «BI Group-тың ең күшті жағы – ұйымшыл командасы, корпоративтік мәдениеті, тәртіп және мұқият әзірленген стандарттар. Жоба командалары барлық сұрақтарға жауап бере алғаны қуантты. BI Group-та мастерден бастап жоба жетекшісіне дейін құрылыс сапасына мән береді. Біздің компания да клиенттердің сеніміне ие. Және біз де осы тәжірибе мен бизнес үдерістерді бақылау жүйесін меңгергіміз келеді».

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.