B-FEST таланттар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

2023 жылғы 12 мамырда Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт залында B-FEST
таланттар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастырушы
- "Білім
Болашағы" ҚБ
болды.
Фестивальдің мақсаттары:
· балалардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық,
спорттық және басқа да қабілеттерін дамыту арқылы Binom SCHOOL қауымдастығының құндылықтарын қалыптастыру және әлеуметтік, рухани қасиеттерін дамыту;
·
қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесу, дарынды оқушыларды табу және қолдау көрсету;
·
оқушыларды ғылыми-техникалық
шығармашылыққа баулу,
инженерия саласындағы білімдерін тереңдету;
·
күллі
қоғамдастықты бірлескен қызметке тарту, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді
ұсынатын перспективалы инновациялық жобаларды анықтау және қолдау;
·
ұлттық мәдениетке, өз жеріне, қаласына,
өңіріне деген сүйіспеншілік негізінде жалпықазақстандық бірегейлік пен бірлікті
қалыптастыру.
B-Fest таланттар фестивалінің мектепішілік
кезеңдері бес бағыт бойынша 2022 жылдың қараша айында басталды:
1) B-DREAM PROJECT. Осы бағыт аясында ғылыми-тәжірибелік көрмелер ұйымдастырылды,
оның шеңберінде оқушылар жаратылыстану
ғылымдарымен, IT-саласымен, экономикамен және т. б. қатысты жобалар қорғады. Ол жобаға қатысу оқушыларға инженерия,
сәулет, қала құрылысы, робототехника,
математика және физика салаларында
білім алуға мүмкіндік берді, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға, білім алуға мотивтер қалыптастыруға
ықпал етті,
инженерлік дағдылар, жобалау және дизайн дағдыларын дамытуға көмектесті.
Оқушылар көркем жобалар жасады, жұмыс сызбалары мен макеттерін модельдеді, инновациялық құрылымдардың заманауи макеттерін жасады, есептеулер жүргізді, жобалардың негізгі қасиеттері мен қолдану аясын бағалады. Бұл бағыт болашақ ғалымдарды, програмистерді, инженерлерді, дизайнерлерді, кәсіпкерлерді және инновациялық технологияларға құштар барлық адамдарды біріктірді, олар бір-бірімен білімдерімен және жобалық ғылыми-зерттеу қызметіне қатысудың ерекше атмосферасымен өзара еркін алмасты.
B-DREAM PROJECT бағыты "Жыл серпіні", "Әлемді жарқын ететін дизайн жобасы", "Прогрессивті жоба", "Теңдессіз бизнес-идея", "Технологиялық жоба", "Экологиялық жоба" номинациялары бойынша бағаланды.
2) B-ART аясында үздік мюзиклдер, бейнелеу өнеріндегі ең мықтылар анықталды. Байқау өнер саласындағы ең дарынды балалардың талантын ашуға бағытталған. Ол "Мюзикл" және "Бейнелеу өнері" (ИЗО) номинациялары бойынша балалардың шығармашылық белсенділігін қолдауға арналған. Оқушылар Астанадағы жас көрермендер театрында алғаш рет "Қыз Жібек", "Ромео и Джульетта", "Король Лев", "Шәмші", "Достар серті", "Күлше қыз" сияқты мюзиклдерді қойды. Байқаудың бас жүлдесін Қадыр Мырза Әли атындағы Binom мектеп-лицейінің "Қыз Жібек" қойылымы жеңіп алды.
3) B-SPORT тоғызқұмалақ, футбол,
баскетбол, волейболдан жарыстарда ең мықтыларды
анықтады. Фестивальдің бұл бағыты 4000 оқушыны қамтыды.
4) B-Social аясында оқушылар бейнероликтер арқылы өз мектептерінің әлеуметтік жобалары мен еріктілер қозғалысын таныстырды. "Жақсылық жасау арқылы сіз бақытты боласыз!" Бұл ұран B-Social бейнероликтер байқауының басты тақырыбы болды. Бином мектептері бір жыл ішінде мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін жүйелі әлеуметтік жобаларды бастады. Балалар жануарларға арналған баспаналарға барып, аз қамтылғандар жандарға азық-түлік, киім-кешек және дәрі-дәрмек жинауды ұйымдастырды, ағаш отырғызу және қайта өңдеу үшін пластик жинау бойынша экологиялық жобаларға қатысты.
BINOM мектептеріндегі еріктілер қозғалысының нәтижелері бойынша оқушылар шығармашылық бейне жұмыстар түсірді. Үздік роликтер мына номинациялар бойынша марапатталды:
1.
Тұрақтылыққа бағыт
2.
Отбасылық құндылықтарды қолдау
3.
Жақындарға
қамқор болу
4.
Мен бәрін өзгерте аламын
5.
Ауқымды бастама
6.
Экологиялық мәдениетті дамыту
5) B-BOOKMAN жылдам оқуда,
функционалды оқуда, шешендік өнерде және актерлік өнерде ең мықтыларды
анықтады. Фестивальдің осы бағытына 7000 бала қатысты.
Жалпы, B-Fest Таланттар фестивалі BINOM мектептерінің шамамен 15000 оқушысын біріктірді. Бес бағыттың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестивальдің өтпелі кубогын Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейі жеңіп алды. Жеңімпаздарды марапаттау аясында Қазақконцерт фойесінде Binom мектептерінің оқушылары қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Барлық жиналған қаражат Қадыр Мырза Әли атындағы Binom мектеп-лицейінің оқушысы 10 жасар Хасенова Джамилиді емдеуге жұмсалады (диагноз: бауыр гепатобластомасы). Марапаттау рәсіміне белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері, стартап-кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері, инноваторлар қатысты.