BI Group Almaty қызметкерлеріне Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальдар табысталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда ерекше көзге түскен азаматтарға
мемлекеттік наградалар тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті.
Еліміздің құрылыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін BI Group Almaty
дивизионының қызметкерлері: Наталия Летута, Назим Рамазанов және Дмитрий
Солодухин «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық
медальдарына ие болды. Айта кетейік, инновациялық холдинг оңтүстік астанадағы көшбасшы
орындардың бірін алады және бірқатар девелоперлік, әлеуметтік жобалардың
құрылысын жүргізеді.
«Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылында «құрылыс»
сөзі үлкен басымдыққа ие болды. Аталмыш уақыт ішінде ел бойынша көптеген әдемі,
негізгі нысандар салынды. Сүйікті қалаларымызды құру, дамыту және безендіру
арқылы әрдайым қарқынды даму үстінде болайық. Толайым табыс пен жаңа жеңістер
тілеймін!»,- деп марапатталғандарды ҚР қала құрылысы Одағының мүшесі Ералы Сауранбаев
құттықтады.
Наталия Летута – желілерді дамыту және пайдалану басқармасының бөлім
басшысы, 26 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Әріптестері арасында құрметке және
беделге ие. Наталияның басшылығымен барлық объектілер мерзімінде сервистік
қызмет көрсетуге беріліп қана қоймай, тұрғын үй кешендердің сумен, газбен, электр
энергиясымен, ғаламтор желісімен жабдықталуы тиімді шешіледі.
«Өте күтпеген сыйлық, марапат. Ел
мен қалаларды дамытуда үздіктер қатарында болу мен үшін үлкен мәртебе», - дейді
Наталия.
Назим Рамазанов – Gulder-3 жобасының жетекшісі, құрылыс саласында 33 жылдан
астам уақыт бойы жұмыс істейтін «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы».
Компаниядағы тәжірибелі қызметкерлердің бірі Назим – жас ұрпақ үшін тамаша
тәлімгер. Оның басшылығымен Алматы
қаласында «Сезам», «АсылТау», «АсылТөбе» тұрғын үй кешендері сәтті жүзеге
асырылды.
Дмитрий Солодухин – ИҚБ бас инженері. Жұмыс өтілі – 42 жыл. Жоғары білікті маман қиын жағдайларда оңай шешім табады,
клиенттермен және мемлекеттік органдармен тиімді жұмыс жүргізеді. Еңбек жолында
ол өзін өз ісіне бейжай қарамайтын, белсенді және барлық жаңа дүниеге дайын
адам ретінде көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ол 42,2 км қашықтықта 40-тан
астам марафон жүгірген.
BI Group компаниясы әріптестерін шын жүректен құттықтай отырып, оларға жарқын
жеңістер мен табыстар тілейді!