Binom мектебінің мұғалімдері мен шәкірттері жыл сайын өткізілетін BI Green акциясына қатысты

        22 қазан 2022

        Бүгін Астанада дәстүрлі BI Green акциясы болып өтті. Триатлон саябағының аумағында Binom инновациялық мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының, BI Group құрылыс компаниясы қызметкерлерінің бірлескен күшімен ағаштар мен бұталар отырғызылды.

        Ауқымды көгалдандыру жобасына қатысушылар 25 дана күлте жапырақты үйеңкі, 25 дана ұсақ жапырақты қарағаш, 100 дана шетен, 60 дана бөртегүл мен итжүзім – барлығы 200-ден астам ағаш отырғызды. Өсімдіктердің аталған түрлері елордамыздың қатал климатын ескере отырып таңдалған. Олар – қыстың қақаған аязы мен жазғы аңызақ желге, құрғақшылық пен тұзға төзімді.

         

        «Астана далалық аймақта орналасқан. Елорданың айналасында орман өсімдіктері жоқ. Сондықтан мұндай акцияларды өткізу қала үшін өте маңызды. Бізде топырақ қыртысы-климат жағдайлары ауыр, яғни өзіміз әзірлеген әрі біздің климатта өсетін ағаштардың ерекше ассортиментін таңдап алуымыз керек. Ағаш отырғызу кезінде тұзды топырақты толығымен өзгертіп, шұңқырдың түбінде суды сіңіретін қабат жасаймыз. Жалпы жас көшеттердің атқаратын қызметі көп екенін атап өткім келеді. Олар ауаны тазартып қана қоймай, залалсыздандыратын фитонцидтерді шығара отырып, шаң-тозаңды, газдарды, ауыр металдарды сіңіріп алады. Ағаштар сонымен қатар ауаны ылғалдандырып, топырақтың қызып кетуіне жол бермейді. Егілген ағаштар желдің күшін де едәуір азайтады. Сондықтан әрбір компания өз мүмкіндіктеріне қарай елорданың экологиясы мен микроклиматын жақсартуға үлес қосуы керек», - дейді BI Group-тың бас дендрологы Александр Климчук.

        Іс-шара бұлтты ауа райына қарамастан, ерекше болып өтті. Әдемі әуен, көңілді ойындар мен дәмді тағамдар барлық қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.

         

        BINOM инновациялық мектебінің оқушылары жасыл желектерді отырғызуға үлкен жауапкершілікпен қарап, бар ықыластарымен кірісті. Балалар дендрологтардың нұсқауы бойынша өз беттерімен ағаш отырғызып, көшеттерге есімдері жазылған белгілерді мақтанышпен іліп қойды.

         

        «Бүгінгі мереке үшін BI Group компаниясына зор алғысымды білдіремін. Экологиямызды жақсарту мен қаланың дамуына үлес қосып жатқан осы жобаның бір бөлшегі болғанымызға қуаныштымыз. Әсіресе, оқушылардың белсенділігіне риза болдық. Біз оларды осындай игі істер жасауға үйрету арқылы ғана Отанымыздың нағыз ұлтжанды, саналы ұрпағын тәрбиелей аламыз», - дейді акцияға қатысушы.

         BI Green науқанының 2020 жылы басталғанын, сол уақытта 219 мың м2 аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілгенін айта кетуіміз керек. Осы аралықта Қазақстан бойынша 49 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. BI Group 2021 жылы триатлон саябағына 2370 көшет ағаштарын сыйға тартты.

        BI Green акциясы елордадан бөлек, Алматы мен Шымкент қалаларында жыл сайын өткізіліп келеді.




        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.