Елордада BI Green эко-акциясының жаңа маусымы басталды

        16 сәуір 2022

        Экологиялық іс-шараларды дәріптеуге арналған BI Green ауқымды жобасы бүкіл Қазақстан бойынша сенбілік пен ағаш отырғызудың жаңа маусымын бастады.

        Сенбіліктер «7Я», «Апато», «Мереке», Crocus City 3, Park Avenue 3, Comfort Town тұрғын үй кешендері маңындағы аумақтарда, сондай-ақ BI Village Comfort 2 және «Алмалы» коттедж қалашықтарында қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын 200-ден астам тұрғынның қатысуымен өтті.

        GreenLine.Headliner жобасында BI Green акциясы аясында 250 ірі қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Оған GreenLine бигвиллінің әртүрлі кварталдарының 100-ден астам тұрғыны қатысты. 

        «Бұл туралы әлеуметтік желідегі тұрғындар чатынан біліп, өте қуандық. Біз екі жыл бұрын «Зеленый кварталдың» айналасында осы акцияға қатысып, ағаштар отырғызғанбыз.Ұйымдастырылған іс-шара үшін BI Service қызметіне алғыс айтамыз, барлығы тамаша өтті», - дейді Greenville.Freedom тұрғыны Салтанат.

        «Экологиялық қозғалыс аясында біз осы айда 450 ағаш пен 100-ден астам бұта отырғызуды жоспарлап отырмыз. Келесі «жасыл» акция Nexpo бигвиллінің аумағында жоспарланған. Сондай-ақ күзде қысқа төзімді өсімдік сорттарын отырғызатын жаңа маусым басталады», - дейді BI Group компаниясының дендрологы Жасұлан Қадырбеков.

        BI Green жобасы BI Group-тың 25 жылдығына орай 2020 жылы басталып, осы уақыт ішінде 25 мың өсімдік: 6 507 ірі өлшемді ағаш, 10 593 сәндік бұта және 8 250 бұталы қоршау отырғызылды.

        BI Green науқаны аясында қоғамдық жұмыс күндері мен ағаш отырғызу туралы жаңалықтарды @bi.group парақшасында қадағалаңыз, мұнда әр жұма сайын жаңа іс-шара орны жарияланады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.