Алматыда ағаш отырғызу бойынша эко-қозғалыс өтті

        10 мамыр 2022

        Елді көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды BI GREEN жобасы Алматы қаласында жалғасын тапты. Акцияны BI Group инновациялық құрылыс холдингі ұйымдастырды.

        «Асыл Тау» ТҮК аула аймағында тұрғындар компания қызметкерлерімен бірге өздерінің отбасылық ағаштарын отырғызды. Осылайша, олар Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

        Жалпы саны 230 ағаш пен бұта отырғызылды. Көгалдандырумен  айналысып жатқан дендрологтар оңтүстік мегаполистің ыстық климатын ескере отырып, ең қолайлы көшеттерді таңдаған. Олардың ішінде: шырша, сәнағаш, багрянник, арша, тобылғы және сірке ағашы бар.

        Әсет Ибраев, компания жобаларының директоры:

        «Акцияның барлық қатысушыларын ыстық ықыласпен қарсы алғаныма қуаныштымыніз еліміздегі эко-қозғалыстың бір бөлігіміз. Өткен жылы BI Green алғаш рет Шымкентте, биылғы жылы Атырауда бастау алды, енді дәстүр бойынша тамаша және пайдалы іс-шара Алматыда өткізілуде! Баршаңызды осы оқиғамен құттықтаймын!»

        Көгалдандыру бойынша акция қазақ халқының маңызды әдет-ғұрыптарының бірі – бата берумен басталды.

        «Асыл Тау» ТҮК тұрғыны:

        «Бүгін керемет күн. Біз BI Green акциясына қуана қосылдық. Еңбекке баулу және ортақ үйімізге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында балалармен бірге ағаш отырғызуға шықтық. Көшеттер қаланы безендіріп қана қоймай, ыстық күндерде көлеңке сыйлап, ауаны тазартып, климатты жұмсартады. Жаңа ағаштар біздің ауламызды одан да жасыл, әдемі және жайлы етеді».

        Естеріңізге сала кетейік, BI Green акциясы BI Group инновациялық құрылыс холдингінің 25 жылдығына орай 2020 жылы басталып, жыл сайынғы игі дәстүрге айналды.

        BI Green эко-қозғалысының арқасында үш жыл ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 25 000-нан астам ағаш отырғызылды. Өткен жылы компания қызметкерлері тұрғындармен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы 219 мың м2 алаңда көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

        Сондай-ақ, жақында компания цифрлық тасымалдаушылардың пайдасына қағаздан бас тартатынын жариялады. Блокчейн технологиясын онлайн-сатулармен интеграциялау арқасында BI Group сатып алу-сатудың қағаз шарттарында ғана 2 млн.парақты үнемдеді, ал бұл 200 ағаш.

        Анықтама: BI Group құрылыс холдингі филантропия шеңберінде әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды іске асырады. Оның ішінде: ерекше балаларға көмек көрсететін BI-Juldyzai, «Бақыт соқпақтары», спортты, медицинаны және білім беруді қолдау, мемлекеттік тілді көпшілік арасында насихаттау аясындағы жобалар және жалпыға сүйікті BI Green акциясы бар. 

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.