BI Green эко-акциясы – енді Атырауда

        26 сәуір 2022

        Өткен демалыс күндері Атырауда алғаш рет BI Green акциясы өтті. Talan бигвилі мен Zaman ТҮК аумағында BI Group компаниясының тұрғындары мен қызметкерлері қараған, бөртегүл, ақшатыр және арша тәрізді гүлді бұталар отырғызды.

        - Әлеуметтік желідегі чатта ауламызға сән беретін бұталарды отырғызуға шақырту алдық. Дендролог көшеттерді қалай дұрыс отырғызу және кесу керектігін айтып, көрсетті. Ең бастысы – көршілерімізбен жақынырақ танысуға, ортақ іспен айналысуға, балаларды айналамызды әдемі етуге баулуға тамаша мүмкіндік туды, - дейді Zaman ТҮК тұрғыны Владимир.

        Акцияға қатысушылар жасыл желектерді отырғызуды зор ықыласпен қабылдап, отбасыларымен аулаларға шықты. Балалар үлкендерге көмектесті, көшеттерге өздерінің есімдері жазылған тақтайшаларды мақтанышпен ілді.

        Балаларды өз үйіне жауапкершілікпен қарауға баулу арқылы олардың бойына бүкіл өлкеге ​​деген мақтаныш сезімі мен Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіріп, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеуге болады. Сондай-ақ, Атыраудың табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, мұндағы абаттандыру – дамуға қажетті салалардың бірі екенін акцияға қатысушылар аса сенімділікпен жеткізді.

        - Біз қызметкерлер мен үй тұрғындарының BI Green-ге қандай ынтамен қарағанын көріп отырмыз. Аулаларды алдағы уақытта да көркейтіп, гүл, ағаш отырғызатын боламыз және оған тұрғындарды тартатынымызды қуана хабарлаймыз, - деп атап өтті Атырау қаласындағы учаске басқарушысы Жансұлу Ахметова.

        BI Green акциясы BI Group-тың елордалық бигвиллдерінде де өтті, онда 250 ағаш отырғызылды. Экологиялық қозғалыс құрылған үш жыл ішінде Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында, ал енді Атырауда 25 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды.

        Жақын арада Talan бигвилі мен Zaman тұрғын үй кешенінің тұрғындары еңбектерінің жемісін көріп, сәндік бұталар мен гүлдердің сұлулығына тамсанатын болады.  

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.