Елордада осы маусымдағы соңғы "жасыл демалыс күні" өтті

        26 қазан 2020

        Өткен демалыс күндері елордада көгалдандыру бойынша жүзеге асқан BI Green ауқымды жобасының ағаш отырғызу маусымы өз мәресіне жетті. Жалпы, холдинг тұрғындары мен қызметкерлері 1900 ағаш пен 600-ден астам бұта отырғызды. Естеріңізге салсақ, аталмыш іс-шара BI Group компаниясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Тұрғындардың барлық отбасы мүшелерімен бірге жанұялық ағаш отырғызу мүмкіндігі жобаның бірегейлігін көрсетеді. BI Green акциясы 10 қазанда "Зеленый Квартал" тұрғын үй кешенінің саябағы аумағында басталған болатын. Жобаны бастау үшін бұл жер кездейсоқ таңдалмаса керек. Дәл осы жерде жақын арада Green Line экополисін іске асыру жоспарланып отыр. 

              "Біздің бастамаларымыз пікірлестеріміз бен тұрғындарымыздың тарапынан әрдайым қолдау табатыны қуантады. 800-ден астам отбасы біздің шақыртуымызды қабыл алып, ағаш отырғызуға қатысты. Осылайша олар BI Green эко-бастамасын қолдай отырып, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Есіл ауданының әкімдігіне, барлық тұрғындарға, әсіресе жас қатысушыларға алғысымды білдіргім келеді", - дейді BI Clients директоры Ержан Исмагелов. 

             "Біз клиенттерімізге құрылыс аяқталғаннан кейін де қамқорлық көрсете отырып, өз BI Clients сервистік компаниямызды әрдайым қолдаймыз. Орталық саябақтарға жету үшін кептелісте уақытты зая кетіргенен гөрі, өз ауданыңдағы шағын саябақтар мен алаңдарда серуендеу және демалу әлдеқайда ыңғайлы, әрі жағымды. Осылайша, қала тұрғындары көлікті сирегірек пайдалана алады. Келесі жылы біз BI Green жобасын жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - дейді BI Development директоры Максим Чернышов. 

         Зеленый квартал аумағынан басқа, Light House, Камал, Orynbor Towers, Vela Village, Аллея ЖК «Камал», Арнау, Adal, Garden Village, Nura Esil, Park Avenue, Panorama Park, Dream City, Crocus City, Expo Boulevard мен Promenade Expo да көгалдандыру аумағына айналды.

        BI Group дендрологтарының таңдауы елорданың күрт континенталды климатына төтеп бере алатын қарапайым жасыл желектерге түскен.  Эко-бастама аясында қан-қызыл долана, ағаш және бұта тектес тал, қара үйеңкі, жиде, қарапайым қарағай, сүмбіл терек, мойыл, жидек алма ағашы, алмұрт, итжүзім, қатпаржеміс сынды көшеттер отырғызылды. Олар Петропавлдың "Кондратовский тәлімбағынан» әкелінді. 


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.