Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі BI Green көгалдандыру акциясы басталды

Ағаш отырғызуды BI Group инновациялық құрылыс холдингі өзінің корпоративтік әлеуметтік қызметі аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көмегімен жүзеге асырады. Іс-шараның мақсаты өмір сүруге ыңғайлы және жайлы қала құру, экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосу болып табылады.
Әкімдік өкілдері, BI Group тұрғын үй кешендерінің тұрғындары мен компания қызметкерлері 55 дана төрт метрлік қарағай, 40 дана бөртегүл, 40 дана мойыл, 20 дана шаған, 69 дана терек, 15 дана үйеңкі, 60 дана тал ағаштарын отырғызды. Өсімдіктердің тізімі елорданың қатал климатын ескере отырып таңдалды, бұл ағаштар мен бұталар төмен температура мен жаздың құрғақ желіне, құрғақшылық пен тұзға төзімді болып келеді.
«Біздің компаниямыз өзіне қатысты барлық аймақта «жасыл» трендін ұстанады. Жаңа жаппай құрылыс жүргізетін аудандарда аумақтарды жоспарлау кезінде жасыл желек отырғызатын орындарды қарастырамыз. Сонымен қатар жыл сайын қолданыстағы тұрғын үй кешендері аумағында мыңдаған ағаш отырғызамыз. Біз бұл дәстүрді жалғастырамыз және әрі қарай жетілдіреміз. Холдинг өз қызметінде қоршаған ортаны қорғауға басымдық береді», - деді BI Group 1 дирекциясының директоры Қуаныш Айтжанов.
«Сармат» тұрғын үй кешені аумағында (Сауран көшесі) көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. 2021 жыл көктем соңына дейін «Жасыл квартал», «Милан кварталы» және «Nomad» тұрғын үй кешендері сияқты елорданың басқа аудандарында да жаңа ағаштар мен бұталар отырғызылады. Жалпы көктемгі акция аясында 769 ағаш, 265 бұта және 950 бірлік шағын қоршау отырғызу жоспарланып отыр.
«Құрылыс салушы компания үйді пайдалануға бергеннен кейін қызмет көрсетуді ғана емес, сонымен қатар үйлердің аумағында жасыл желектер отырғызуды жалғастыратынын айта кеткен жөн. Тұрғындардың қатысуымен ағаш отырғызу жақсы дәстүрге айналып келеді, біз басқа құрылыс компанияларының да осы тәжірибені қолданғанын қалаймыз. Біз таза ауа мен жайлы ортаға басты мән береміз. Сондықтан астананы көгалдандырумен мемлекеттік құрылымдар ғана емес, жалпы қоғам айналысуы керек», - деді облыс әкімінің орынбасары Есіл Қыдырбекұлы Дәрменияр.
BI Group өткен күзде 219 мың шаршы метр аумақта BI Green ауқымды көгалдандыру акциясын өткізді. Көгалдандыру шарасы BI Group компаниясының 25 жылдығына орай жүргізілді және қалада 1898 ағаш пен 608 бұта отырғызылды.
«Қаланы көгалдандыру өте маңызды. Нұр-Сұлтан қаласы егінге өте қолайлы дала аймағында орналасқан. Елорданың айналасында орман өсімдіктері жоқ десе де болады. Бізде топырақ-климаттық жағдайы күрделі, яғни біз климатымызда өсетін ағаштардың ерекше ассортиментін таңдауымыз керек. Отырғызу кезінде біз тұзды топырақты толықтай өзгертеміз, шұңқырдың түбіне дренаж қабатын жасаймыз.
Жалпы айта кетсек, жасыл желектер көптеген функцияны атқарады. Олар ауаны тазартады, шаңды, газдарды, ауыр металдарды ұстап, ауаны зарарсыздандыратын фитонцидтерді бөліп шығарады. Өсімдіктер микроклимат жасайды, ауаны ылғалдандырады және топырақтың қызып кетуіне жол бермейді. Жасыл желектер шу мен желді айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан әр компания BI Group-тан үлгі алып, астананың экологиясы мен микроклиматын жақсартуға үлес қосуы керек», - дейді Холдингтің бас дендрологы Александр Климчук.
Жалпы айтсақ, BI Group соңғы екі жылда Нұр-Сұлтан қаласында 13 мыңнан астам ағаш пен 21 мыңнан астам бұта отырғызды.
Компания нысандарды салу барысында қажетті жағдайларда ағаштарды кескені үшін келтірген зиянды міндетті түрде өтеу туралы заңнаманы қатаң сақтайды. Кесілген әрбір ағаштың орнына 15 ағаш отырғызылады.