BI Group серіктесімен бірлесіп, Ташкентте салынып жатқан тұрғын үй үлесін ұлғайтуда

        15 қазан 2020

        Murad Buildings өзбек компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Мурад Назаров жаңа жобалармен танысып, тұрғын үйді барынша қалай қолжетімді ету керектігін білу үшін Қазақстан астанасына ұшып келді.

        Екі кәсіпкер Айдын Рахымбаев пен Мурад Назаров 2019 жылдың жазында Ironman жарысында танысқан. Сөйтсек, олардың спортқа деген құштарлығынан басқа көптеген ортақ қызығушылықтары бар болып шықты. Сонымен қатар олар Ташкент қаласында маңызды нысандар салып жатыр, мысалы, 50 қабатты Tashkent City зәулім ғимараты. Тіпті екі компанияның «Біз бақыт мекенін саламыз» деген ұрандары да бірдей.  2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Өзбекстандағы жетекші құрылыс компаниясының бірі Murad Buildings-пен серіктестік мәселесі дер мезгілінде шешілді.

        2020 жылғы 1 наурызда Ташкентте NRG бірлескен компаниясының ауқымды тұсаукесері болып өтті. Алғашқы ортақ жоба – NRG Oybek тұрғын үй кешені. Қыркүйек айында NRG Mirzo Ulugbek-те сатылым сәтті басталды. Қазан айында аталған тұрғын үй кешенінің екінші кезегін сату басталады.

        Келесі жылы Ташкентте жергілікті нарықтың қазіргі бес пайызынан бестен бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін тағы бірнеше ерекше жоба іске қосылады. Құрылыс көлемінің ұлғаюы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Өзбекстанмен бірге Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында да инженерлік-техникалық мамандар жұмысқа қабылданатын болады. 

        Ташкенттен келген қонағымыз бірлескен компанияның нарықта көшбасшы бола алатынына сенімді. Ол үшін болашақта тұрғын үйді барынша қолжетімді ету керек. Қазақстандық әріптестер құрылыс саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Серіктестер компания өнімдерінің портфелін кеңейту туралы келісімге келді. Бұл өнімдердің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді. Мердігерлермен жұмыс жөніндегі мәселе де талқыланды. Егер олар тұрақты келісімшарт жасаса, сапаны арттырып, бағаны төмендетін болады. Тараптар анда-санда алатын 30 пайыздан гөрі табыстың 10 пайызын жүйелі түрде алудың дұрыстығын атап өтті. Осыған байланысты BI Group холдингінің Басқарма төрағасы Амангелді Омаров Ташкентте мердігерлер форумын өткізуді ұсынды. Бұл BI Group-тың жыл сайын ұйымдастырып отыратын жиынына ұқсас. Жаңа жоба жасаудан гөрі табысты жобаларды жалғастыру тиімдірек болмақ. Барлық төлемді азайту арқылы қаржы үнемделеді. Инновациялық технологиялар шығындарды азайтуға көмектеседі. Мысалы, индустриялық модульдік құрылыс.

         Қонағымыз бірқатар нысандарды аралау барысында шығындардың төмендеуі сапаға әсер етпейтініне көз жеткізді. Оны BI Group компаниясының тіпті комфорт-класты үйлерге де әлемдік көшбасшы Rehau-дың терезелерін қоятыны шын жүректен таңғалдырды. Мурад Назаров «Ботаникалық», Grand Opera, Panorama Park тұрғын үй кешендерінде, жеңіл атлетика спорт кешенінде, ModeX зауытында көрген қызықты сәттерін бірнеше рет бейнетаспаға жазып алды. Қазақстандық құрылысшылар жақын арада Ташкенттегі құрылыс нысандарына сапарламақ. 


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.