BI Group клиенттер форумы: бигвилльдегі пәтер - болашаққа инвестиция

BI Group құрылыс компаниясы Алматылық пәтер иегерлерімен форум өткізді. 7
жыл бойы девелопер осындай іс-шараларды өткізеді, онда холдинг басшылығы тұрғын
үй, салынған үйлер, кіреберістер мен аулаларды абаттандыру, сервис туралы өз
әсерлерімен бөлісетін клиенттерден тікелей кері байланыс алады, бұл салынып
жатқан объектілердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Пәтер сатып алу - маңызды инвестиция және оның өсуі үшін бірқатар факторлар
қажет, ең алдымен ауданның жоспарланған инфрақұрылымы және әкімшілік жайлылық
маңызды. Сондықтан компания аудандарды кешенді дамытумен айналысады, бигвилль
деп аталатын аймақта өмір сүруге жайлы орта қалыптастырады.
«Әлеуметтік жобалау әдісі аясында жаңа бигвилль дейтін ұғымды ұсынамыз. Клиент
тек пәтер иегері ғана болып қоймай, ыңғайлы етіп жасалған үй айналасындағы аймақты
пайдалануға мүмкіндік алады. Енді біз өз жобаларымызды осы концепция шеңберінде
жүзеге асыратын боламыз», - деп атап өтті BI Development бас директоры
Амангелді Омаров.
Сондай-ақ, компания басшылығы үйлерді күтіп ұстау кезінде ашық іс-әрекет жүргізу және тоқсан сайын тұрғындар алдында есеп беру стандарттарына көшу
туралы хабарлады. Big App мобильді қосымшасында ТК қызмет көрсету құнының
егжей-тегжейлі транскрипциясы жарияланады және тұрғындармен бірге жиналған
ақшаны тиімді пайдалану стратегиясы анықталады.
«Тұрғындарға жайлы болу үшін біз тек үш парақтан тұратын, бірақ барлық
негізгі мәліметтерді қамтитын құжатты ұсынамыз. Бірінші бетте -пайда мен
шығындар туралы есеп. Екінші бетте – жөндеу жұмыстарына жиналатын қор. Үшінші
парақта - тарифтер калькуляторы. Мұндай есеп тоқсанына бір рет жасалып,
тұрғындарға жіберіледі», - деді BI Service директоры Серік Төлебаев.
Big App мобильді қосымшасы 2017 жылы жасап шығарылды, қазіргі уақытта онда
130 мыңнан астам адам тіркелген және бұл көрсеткіш күн сайын өсуде. Қосымшаның
пайдаланушылары қажетті ақпарат алып, қызмет сапасын бағалап, кері байланыс
береді, электрик немесе сантехник сияқты мамандардың қызметіне өтініш бере
алады. Компания менеджменті клиенттердің өтініштеріне жауап беру уақытын 1
сағатқа дейін қысқартуды жоспарлап отырғанындарын айтты.
Форумда болашақ тұрғындарға үй сатып алу кезінде қандай факторларға назар
аударуы керек екендігі туралы да айтылды. Мысалы, алаңды көгалдандыру пәтердің
құнын орта есеппен 10-15%-ға арттырады. Бағаның өсуіне және әлеуметтік-мәдени
маңызы бар объектілердің қолжетімділігіне, сондай-ақ ауданның әл-ауқатына және
оның болашағына әсер етеді.
Кездесу аясында тұрғындар барлық сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ құрылыс
компаниясына қолайлы жағдайлар мен клиенттерге қамқорлық жасағаны үшін алғыс
білдірді.
Іс-шара ұтыс ойынымен аяқталды, бас
жүлдеге паркинг ойнатылды. Тағы жолы болғыш 10 тұрғын 5 boxroom және 5 техника дүкеніне
сертификат иесі болды. Жыл соңына дейін BI Group клиенттер форумдарын Алматы,
Шымкент және Атырауда өткізуді жоспарлап отыр.